Архив событий

03/02/2017

Жаңақорған аудандық сотында семинар өтті

03/02/2017

Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастыруымен «Дәстүрлі емес діни ағымдардың сипаттары» тақырыбында семинар өткізілді.

Іс-шараға аудандық соттың төрағасы мен судьялары, кеңсе қызметкерлері, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Төлегенов, Қызылорда облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының теологы Б.Оспанов пен облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының Жаңақорған ауданы бойынша бөлімшесінің меңгерушісі Ш.Айдаров  қатысты.

«Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді

03/02/2017

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында студентердің  қатысуымен  «Ашық есік күні»  іс-шарасы өткізілді.

Қабылдауды  БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіруші судья Н.Еламанов жүргізді.

Студенттерді соттың қандай істерді қарайтыны, істерді қарау мерзімінің ұзақтығы, сот жұмысында кездесетін қиындықтар туралы жайттар қызықтырды.

Шиелі аудандық сотында Елбасының Жолдауы талқыланды

03/02/2017

Шиелі аудандық сотында  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы» атты Қазақстан халқына  Жолдауы  талқыланды.

Сот төрағасы М.Еркінбеков Жолдаудың мемлекетіміздің өміріндегі жаңа асулы кезеңді айқындайтын стратегиялық бағдарламалық құжат болып табылатынын,  мемлекет басшының қойған тапсырмаларын ой талқысына салып, жүзеге асыруда басшылыққа алуды мақсат ету керек екенін атап өтті.

Қызылорда қалалық сотында жедел кеңес өтті

03/02/2017

Қызылорда қалалық соты төрағасы А.М.Бабатов судьялардың қатысуымен жедел кеңес өткізді.

Азаматтық сот ісін жүргізуде міндетті медиацияны енгізу және одан әрі дамыту мақсатында 2017 жылдың 26 қаңтарында Жоғарғы Сот Төрағасымен бекітілген даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы Ережесі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен әзірленді.

Жалағаш аудандық сотында «Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті

03/02/2017

Шараға сот төрағасы А.Мизанбаев, судья Т.Темірбаев, кәсіби медиатор, адвокаттар, аудандық прокуратура, Әділет басқармасы және халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдері қатысты.

Қарыз сомманы өндіріп алу

03/02/2017

Байқоңыр қалалық сотымен талапкер «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның жауапкер С-дан қарыз сомманы өндіріп алу туралы азаматтық іс қаралды.

Байқоңыр қалалық сотының шешімімен талапкер «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның  жауапкер С-дан қарыз сомманы өндіріп алу туралы талап арызы толық қанағаттандырылды.

Жауапкер С-дан «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның пайдасына несие қарыз сомма 513 278 теңге, сыйақы – 131 219 теңге, өсімақы – 33 954 теңге, барлығы 678 451 теңге өндірілді.

Қызылорда қалалық сотында жедел кеңес өтті

03/02/2017

Қызылорда қалалық соты төрағасы А.М.Бабатов судьялардың қатысуымен жедел кеңес өткізді.

Жедел кеңесте судьялар «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» нормативтік қаулының жобасын талқылады.

Пиротехникалық заттарды пайдалану тәртібін бұзған

03/02/2017

Арал аудандық сотында азамат С-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттары бойынша, құқық бұзушы С. мейрамхана жанында, жергілікті әкімшіліктің және ішкі істер органының рұқсатынсыз, қолдану тәртібін бұза отырып, азаматтық пиротехникалық заттарды пайдаланған.

Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, іс құжаттарымен және оның кінәсін мойындаған жауабымен дәлелденген.

Сотпен азаматқа келген шығын сомасы өндірілді

03/02/2017

Жалағаш аудандық соты талапкер Г-ның жауапкер Т-дан жол-көлік оқиғасымен келтірілген моральдық, материалдық шығын өндіру туралы талап арызын қарады.

Сотпен анықталғаны, жауапкер Т. өзінің басқаруындағы автокөлігімен велосипедпен кетіп бара жатқан талапкердің баласы Е-ны жол-көлік ережесін сақтамай қағып кетіп, денсаулығына «жеңіл» дәрежелі айтарлықтай зиян келтірген.

Сот шешімімен талап қоюшы Г-ның талап арызы ішінара қанағаттандырылды.

«Ашық есік күні» өткізілді

03/02/2017

Қалыптасқан үрдіске сай, Арал аудандық сотында «Ашық есік күні» шарасы өткізілді.

Қабылдауға келген азаматтарды аудандық соттың төрағасы Е.Тұрбаев  қабылдады.

Шара барысында сот төрағасының қабылдауында Арал қаласының тұрғыны И. болып, талап арызды жазу тәртібі мен оған қоса берілетін құжаттардың тізбесіне қатысты сауалдарын қойды. 

Қойылған сауалдарға сот төрағасымен заңнама талаптары түсіндіріліп, тұжырымды жауаптар берілді.

Қызылорда облыстық сотында 2016 жылғы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары бойынша кеңейтілген кеңес өтті

03/02/2017

Қызылорда облыстық сотында 2016 жылғы сот төрелігін атқару жұмыстары бойынша кеңейтілген кеңес өткізілді.

Кеңес жұмысына Жоғарғы Сот судьясы Ақылтай Қасымов, Қызылорда облыстық сотының төрағасы Нұрлан Қайырбеков, облыс судьялары мен соттар әкімшілігі басшылығы қатысты.

Іс-шараны Қызылорда облыстық сотының төрағасы Нұрлан Қайырбеков ашып, өткен жыл ішінде облыс соттары судьяларының сот төрелігін іске асырудың қорытындыларын айтып өтті.