Архив событий

13/02/2017

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі

13/02/2017

Сырдария аудандық сотында «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі» тақырыбында семинар сабақ өткізілді.

Шараға кеңсе меңгерушісі Д.Байдушев және сот қызметкерлері  қатысты.

Кеңсе менгерушісі мемлекеттік қызметкерлер жұмыс уақыты мен одан тыс уақытта мемлекеттік қызмет жөніндегі заңдарды ұстанып, жалпы моральдық нормаларды сақтау керектігін айтты.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексі  халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға бағытталған.

Базалық соттың кезекті отырысы өтті

13/02/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында базалық сот жұмысын ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты орындамау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Өткізілген іс-шараға Қызылорда облыстық сотының, аудандық және қалалық сот судьялары мен прокуратура, әділет қызметкерлері қатысты.

Баланы тәрбиелеу мен оқыту жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін айыппұл салынды

13/02/2017

Арал аудандық сотында кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу мен оқыту жөніндегі міндеттерін орындамаған азаматша К-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы К-ның кәмелетке толмаған 1999 жылғы баласы Ж. 2016 жылдың желтоқсан айының 19-нан 2017 жылдың қаңтар айының 14-і аралығында оқуына дәлелді себептерсіз бармаған.

Құқық бұзушының кінәсі, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ  сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.

Аудандық сотта «Пробация туралы» Заңын қолдану мәселелері талқыланды

13/02/2017

Шиелі аудандық сотында аудандық сот судьяларының, пробация қызметі, аудандық ішкі істер бөлімі, прокуратура қызметкерлерінің, заң кеңсесінің адвокаттарының қатысуымен Қазақстан Республикасының «Пробация туралы» Заңын қолдану мәселелеріне қатысты дөңгелек үстел  өткізілді.

Қазалы аудандық сотында семинар өткізілді

13/02/2017

Қазалы аудандық сотында сот қызметкерлерінің қатысуымен «Атқару парақтарын электронды түрде жолдау тәртібі» тақырыбында семинар өткізілді. 

Шара барысында аудандық соттың кеңсе меңгерушісінің міндетін атқарушы А.Қазыбеков  электронды атқару парақтарын қалыптастыру, жолдау  бойынша туындаған мәселелер жайлы айтып өтті.

Жол көлік оқиғасын жасағаны үшін айыппұл салынды

13/02/2017

Қармақшы аудандық сотында азамат Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы Б. өзінің басқаруындағы автокөлігімен Жосалы кенті М.Шоқай көшесінің бойында жол жиегінде тұрған автокөлікке соғып, нәтижесінде азамат Д-ға 100 000 (жүз мың) теңге материалдық залал келтірген.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Б. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610 бабының 3 бөлігімен кінәлі деп танылып, 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 45 380 теңге айыппұл салынды.

Кәмелетке толмаған жасөспірімге темекі бұйымын сатқаны үшін жауаптылыққа тартылды

13/02/2017

Шиелі аудандық сотында құқық бұзушы Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы Б. дүкеннің сатушысы болып жұмыс жасап  жүріп, кәмелетке толмаған Н-ға 1 дана темекі сатқан.

Сот отырысында құқық бұзушы Б. өз кінәсін толық  мойындап,  істеген іс әрекетіне өкінетінін, алдағы уақытта  қайталамайтынын көрсетті.

Авариялық жағдай туғызып, көлiк құралын басқару құқығынан айырылды

13/02/2017

Қызылорда қаласының тұрғыны А. өзінің басқаруындағы «Kia» маркалы қоғамдық автокөлігімен жол жүрісі қауіпсіздігінің талаптарын сақтамай, көшелер қиылысында бұрылу бағытын күрт өзгертіп, өз жолымен қозғалыс жасап келген «Lexus» маркалы, автокөлігінің жүргізушісі Б-ның жол жүрісіне кедергі келтіріп, авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылықты әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасаған.

Сот мәжілісінде А. өз кінәсын мойындауымен қатар, оның құқық бұзушылық әрекеттері іс құжаттарымен де дәлелденіп бекітілген.

Іс Медиация тәртібімен аяқталды

13/02/2017

Жалағаш аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы 1-бөлігімен (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің құжаттарына сәйкес, азамат С. өзімен заңды некеге тіркелмей  бірге тұратын зайыбы Ф-ны қорлап тиісіп, үйінің тыныштығын бұзып, отбасы - тұрмыстық қарым-қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттерді жасаған.

Азаматтық істер бойынша бұзылған және өзгертілген сот актілерінің себептері бойынша семинар өткізілді

13/02/2017

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары арасында 2016 жылдың 12 айындағы сот актілерінің бұзылу және өзгертілу себептерін талқылау бойынша  семинар сабағы өткізілді.

Іс-шараны экономикалық соттың судьясы А.Әбілқайысқызы жүргізді. Семинар сабақта сот жұмысының сапасын арттыруға байланысты сұрақтар талқыланды. Судья А.Әбілқайысқызы судьяларға азаматтық істерді қарау кезінде іс құжаттарын мұқият зерделеп, дәлелдемелерге баға беру кезінде қателіктерге жол бермеуді тапсырды.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

13/02/2017

Шиелі аудандық сотында сотталушы С-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттары бойынша, сотталушы С.  бөтеннің мүлкін жасырын жымқырып ұрлық жасау мақсатында, жәбірленушінің мал қорасына заңсыз кіріп, екі бас малын жасырын жымқырып алып кетіп, жәбірленуші Ы-ға жалпы құны 160 000  теңге мүліктік залал келтірген.

Қызылорда қалалық сотында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларын талқылауға арналған семинар өтті

13/02/2017

Қызылорда қалалық сотында судьялар арасында бітімгершілік рәсімін қолдану тиімділігі тақырыбында талқылау өткізілді.

Семинар барысында судьялар Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңымен, Судьялардың этикалық кодексі жобасымен танысып, ағымдағы үш айдың ішінде бірінші инстанциялы соттарда азаматтық істердің қаралу сапасы, ҚР Азаматтық процестік кодекстің қолданылуы мәселелері талқыланды.

Дау тараптардың татуласу келісімімен шешілді

13/02/2017

Талапкер К. жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жауапкер А. жауапкершілігі шектеулі қоғамынан 1 000 000 теңге және 30 000 теңге мемлекеттік баж өңдіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Сот отырысында тараптар өзара татуласу келісіміне келіп, соттан оны бекітуді сұрады.

ҚР АПК-нің 277-бабының 5-тармағына  сәйкес, сот егер тараптар татуласу келісімін жасасса және сот оны бекітсе, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатады.

Байқоңыр қалалық сотында дөңгелек үстел өткізілді

13/02/2017

Байқоңыр қалалық сотының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29 желтоқсан 2015 жылғы №1110 қаулысымен бекітілген «Адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілді кетуге байланысты шығыстарды өтеу мөлшерін белгілеу туралы» Ережесін талқылау тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Сот шешімімен еріксіз емделуге жіберілді

13/02/2017

Сотта  арызданушы «Жалағаш аудандық емханасы» ШЖҚ МКК-нің азамат Е-ні еріксіз емдеу мекемесіне мәжбүрлеп жіберуді сұраған ұсынысы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысында емделуші Е. Жалағаш аудандық емханасының наркология кабинетінде 2012 жылдан бастап «Алкогольді қолдануға байланысты психикасы мен мінез-құлқы ауытқулары» диагнозымен есепте тұратындығы, науқас әрдайым алкогольді ішімдік ішетіндігі, емделуден бас тартып жүргені, жанұясының мазасын алатыны, бірнеше рет құқық бұзушылық жасағаны анықталды.

Тараптар татуласуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды

13/02/2017

Жаңақорған аудандық сотында жеке айыптау тәртібімен, жеке айыптаушы О-ның айыпталушылар А-ға, Б-ға, Л-ға, С-ға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 108-бабымен қылмыстық жауапқа тарту жөнінде шағымданған.

Жекеше айыптаушы О. шағымында, жекеше айыпталушылар өзін себепсіз ұрып-соғып, денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргенін көрсетті.

Істі қарау барысында, жекеше айыптаушы О. өзінің жеке айыптау шағымынан бас тартып,  қылмыстық істі қысқартуды сұрап, арыз тапсырды.