Архив событий

14/02/2017

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің Конкурстық комиссиясы отырысының хаттамасынан үзінді (14.02.2017 ж.)

14/02/2017

Тапсырылған құжаттардың және өткізілген әңгімелесу нәтижесінің негізінде Конкурстық комиссияның оң шешімін алған кандидаттар тізімі:

 

  1. Қызылорда қалалық  №2 соты  кеңсесінің бас маманы  (С-R-4 санаты, 1 бірлік) лауазымына:

     Нурекеев  Дарын  Мәдемханұлы;

           

Семинар-тренинг өткізілді

14/02/2017

Арал аудандық сотында сот қызметкерлерінің қатысуымен «Сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио- бейнежазба құралдарын техникалық қолдану қағидалары» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

10 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды

14/02/2017

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 30 жастағы  сотталушы К-ға қатысты қылмыстық ісін қарап, айыптау үкімін жариялады.

Орал қаласының тұрғыны сотталушы К. өзінің танысы Н. екеуі  адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, аса ірі мөлшердегі есірткі затын сатып алу үшін Қызылорда қаласына келген.  

«Гендерлік саясат» тақырыбында дөңгелек үстел

14/02/2017

Сырдария аудандық сотында «Қазақстан Республикасындағы Гендерлік саясат» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға аудандық сотының төрағасы А.Абдулла, судья Ж.Жолдасов, аудандық соттың мамандары, аудан прокурорының көмекшісі Н.Таңбаев, заң кеңесінің адвокаты Қ.Жаппасбаева, аудандық ІІБ-нің өкілдері Н.Қасымханов қатысты.

Қармақшы аудандық сотында брифинг өтті

14/02/2017

Жуырда Қармақшы аудандық сотында жергілікті бұқаралық ақпарт құралдарының өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифинг барысында Қармақшы аудандық сотының төрағасы Қ.Абдуллаев Қазақстан Республикасы ҚК-нің 291 бабының  1-бөлігімен айыпталған  М-ға қатысты қаралған қылмыстық іске тоқталып өтті.

Қызылорда қалалық сотында талқылау өтті

14/02/2017

Қызылорда қалалық сотында Қызылорда облыстық сотымен жолданған азаматтық істерді жаңадан ашылған мән-жайлармен қайта қарау тәжірибесіне жасалған талдауды талқылау өтті.

ҚР Азаматтық процестік кодекстің 55 тарауы сот актілерін жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарау жөнінде іс жүргізуді реттейді.  Талдауда жаңадан ашылған мән-жайлармен сот қаулыларын қайта қарау туралы арыздар бойынша статистикалық мәліметтер мен облыс соттарының мысалында олардың қаралуы мен соттардың заң талабын қолдануы, қаралу қорытындылары келтірілген.

Азаматтық іс тараптардың татуласуына байланысты қысқартылды

14/02/2017

Жаңақорған аудандық сотында талап қоюшы С-ның 497 457 теңге өндіру жайлы азаматтық ісі қаралды.

Сотта анықталғаны талап қоюшы С. жауапкер А-дан жол-көлік оқиғасынан келген шығын 427 457 теңге, шығынды бағалауға жұмсалған 20 000 теңге, заң көмегіне жұмсалған 50 000 теңге, барлығы 497 457 теңге және мемлекеттік бажға төленген 4980 теңге өндіруді сұраған талап қою арызымен аудандық сотына жүгінген.

«Ашық есік күні» өткізілетіні хабарланады

14/02/2017

Сот төрелігінің ашықтығын қамтамасыз ету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сот төрелігін атқару барысында азаматтардың заңды құқықтарының сақталуын қорғау мақсатында Қызылорда облысы Шиелі аудандық сотында 2017 жылдың 24 ақпан күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін "Ашық есік күні" өткізіледі.

Азаматтар мен заңды тұлғаларды  сот төрелігін жүзеге асыруға байланысты қатысты сұрақтарымен Шиелі аудандық сотының төрағасы қабылдайды.

Қармақшы аудандық сотының судьяларымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер мен құжаттарды дұрыс және толық рәсімдеу мәселелері талқыланды

14/02/2017

Қармақшы аудандық сотының судьялары Қармақшы аудандық ішкі істер бөлімінде жергілікті полиция қызметкерлері мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен «Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша құжаттарды дұрыс және толық рәсімдеу»  тақырыбында семинар өткізді.

Семинарды өткізудің негізгі мақсаты - әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер мен құжаттарды дұрыс және толық рәсімдеу мәселелерін талқылау, оларды анықтау.

Дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеу бойынша пилоттық жобасы жүзеге асырылуда

14/02/2017

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының №6001-17-7-4/16 өкімімен бекітілген «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ереже» талаптарына сәйкес пікірталас дөңгелек үстелі ұйымдастырылды.

Сырдария аудандық сотында брифинг өтті

14/02/2017

Сырдария аудандық сотында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Рақымшылық жасау туралы Зан қолданыста» тақырыбында брифинг  өтті.

Брифинг барысында БАҚ үйлестіруші судьясы Ж.Жолдасов 2016 жылдың 13 желтоқсанында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бас жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғанын атап өтті.

Сотта брифинг өткізілді

14/02/2017

Брифинг барысында төраға міндетін атқарушы Қ.Бержанов сот өндірісіне кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстардың саны көбейіп бара жатқанын атап өтті. Мәселен 2016 жылдың 12 айында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 191 бабы «Тонау» бойынша 7 кәмелетке толмағанға қатысты 4 қылмыстық іс түскен,  Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 192 бабы«Қарақшылық» бойынша 1 адамға қатысты 1 қылмыстық іс түскен.

Екі жақтың бітімгершілік келісімге келуіне байланысты азаматтық іс қысқартылды

14/02/2017

Қызылорда қалалық сотының өндірісіндегі талап қоюшы А.Б. жауапкер О.С., материалдық шығын өндіру жайлы азаматтық ісі, соттың тараптарға ҚР «Медиация туралы» Заңының тәртібі түсіндірілуіне орай, тараптардың сот медиаторы арқылы, бітімгершілік келісімімен аяқталып азаматтық іс жүргізу тоқтатылды.