Архив событий

22/02/2017

Аудандық прокуратурада «Әкімшілік айыппұлдардың өндірілуі, уәкілетті органдардың өзара іс-қимылының тиімділігі» тақырыбында жедел мәжіліс өтті

22/02/2017

Жалағаш аудандық прокуратурасында «Әкімшілік айыппұлдардың өндірілуі, уәкілетті органдардың өзара іс-қимылының тиімділігі» тақырыбында жедел мәжіліс өткізілді.

Іс-шараға Жалағаш аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Аян Алтынбаев, Жалағаш ауданының прокуроры С.Будыков, аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Н.Ибраев, жергілікті полиция қызметінің бастығы м.а. М.Өсер, аудан әкімі аппаратының басшысы Ш.Қалыбаев, басқа да мекеме басшылары мен мемлекеттік және жеке сот орындаушылары қатысты.

Халықаралық шарттарға қатысты брифинг өтті

22/02/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында судья Ш.Қожантаев БАҚ өкілдерінің қатысуымен көші-қон заңнамасы саласындағы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар туралы брифинг өткізді.

Шиелі аудандық сотында брифинг өткізілді

22/02/2017

Шиелі аудандық сотында «Шарайна-Сейхун» газетінің тілшісінің қатысуымен брифинг өтті.

Брифинг барысында аудандық сот төрағасы М.Еркінбеков Қазақстан Республикасы ҚК-нің 366-бабының 2-бөлігімен айыпталған Д-ның қылмыстық ісі бойынша ақпарат берді.

Сотта анықталғандай,  сотталушы Д. мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті лауазымды адам бола тұра, өзінің қызмет бабын асыра пайдаланып, азамат О-дан заңсыз әрекеттері үшін 50 000 теңге пара алған.

Аудандық сотта «Ашық есік күні» өтеді

22/02/2017

Сырдария аудандық сотында 2017 жылдың 28 ақпан күні сағат 10:00 мен 12:00 аралығында «Ашық есік күні» өтеді.

«Ашық есік күніне» кез-келген азамат немесе заңды тұлғаның өкілі қатысып, сот жұмысына немесе басқа да мәселелер бойынша сауалдарын қоя алады.

Іс-шараның өткізілу мақсаты азаматтардың құқықтық мәдениетін және сот төрелігінің деңгейін арттыру болып табылады.

«Сот кабинеті» тақырыбына семинар сабақ өткізілді

22/02/2017

Жалағаш аудандық сотында мамандар арасында «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі бойынша құжаттарды сотқа жіберу тақырыбына семинарлық сабақ өтті. Осы іс-шараны жетекші маман Д.Шадаев өткізді.

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту жөнінде дөңгелек үстел өтті

22/02/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен Қызылорда облысы бойынша соттардың мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту жөніндегі 2017 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, мемлекеттік мекемелер мен құқық қорғау органдарының өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік тілді қолдану аясы тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Азаматтық іс тараптардың татуласуына байланысты қысқартылды

22/02/2017

Жаңақорған аудандық сотында талап қоюшы С-ның ақша өндіру жайлы азаматтық ісі қаралды.

Сотта анықталғаны талап қоюшы С. жауапкер А-дан жол-көлік оқиғасынан келген шығын барлығы 497 457 теңге және мемлекеттік бажды өндіруді сұраған талап қою арызымен аудандық сотына жүгінген.

Сот отырысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, азаматтық іс тараптардың татуласуына байланысты  қысқартылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Сот актісін орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды

22/02/2017

Байқоңыр қалалық сотында азамат Д-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сот бұйрығы негізінде борышкер Д. өндіріп алушы И-дың пайдасына  алимент өндірілуі тиіс болған. Алайда, аталған сот актісін борышкер Д. 2015 жылдың қантар айынан бастап 1 024 930 теңге қарыз сомасын төлемей, дәлелсіз себеппен орындамаған.

Сот қаулысымен азамат Д. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабымен кінәлі деп танылып, оған 1 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Мемлекеттік лицензиясын уақытша тоқтатумен айыппұл тағайындалды

22/02/2017

Қармақшы аудандық соты құқық бұзушы жеке кәсіпкерге қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта анықталғандай, құқық бұзушы жеке кәсіпкер азық-түлік дүкенінде этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатын алкоголь өнімін сағат 21.00-ден кейін өткізген.

Азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

22/02/2017

Талапкер «Т» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жауапкер «О» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 27 902 700 теңге өңдіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Сотта тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен келісілген шарттар бойынша реттеуге келісімге келген.

Құқық бұзушыға айыппұл салынды

22/02/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әкімшілік құқық бұзушыға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы Р. кәмелетке толмаған ұлы К-ға заңды өкілінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үй жайдан тыс жерде болуына жол берген.

Сот отырысында құқық бұзушы Р. өз кінәсін толығымен мойындап, айыппұл соммасын азайтуды сұрады.