Ср, 22/02/2017 - 11:08
Баспаға арналған нұсқасыХат жолдау
Сырдария аудандық сотында 2017 жылдың 28 ақпан күні сағат 10:00 мен 12:00 аралығында «Ашық есік күні» өтеді.
«Ашық есік күніне» кез-келген азамат немесе заңды тұлғаның өкілі қатысып, сот жұмысына немесе басқа да мәселелер бойынша сауалдарын қоя алады.
Іс-шараның өткізілу мақсаты азаматтардың құқықтық мәдениетін және сот төрелігінің деңгейін арттыру болып табылады.
Қатысушылар қосымша ақпарат алу үшін 8(72437) 2-29-95 номеріне хабарласуына немесе Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Теренөзек кеңті, Абай көшесі 24 мекен-жайынан ақпарат алуына болады.
Источник:
Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі