Архив событий

16/02/2017

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар тізімі

16/02/2017

2017 жылдың 16 ақпанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің конкурстық комиссиясының бос (уақытша бос) әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға құжаттарды  қарау және әңгімелесуге жіберу жөніндегі отырысы өтті.

 Конкурстық комиссияның шешімі бойынша  әңгімелесуге жіберілген кандидаттар тізімі:

Жауапкер ата-аналық құқығынан айырылды

16/02/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында талапкер Н-ның жауапкер С-ға қатысты ата-аналық құқығынан айыру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Қызылорда облыстық сотының судьяларына алғыс хат келіп түсті

16/02/2017

Қызылорда облыстық сотына «Қазэнергоэкспертиза» ЖШС-і Қызылорда қаласындағы филиалының бұрынғы қызметкерлерінен Қызылорда облыстық сотының төрағасына жолдаған алғыс хаты келіп түсті.

Алғыс хатта, сот процесіне қатысушылардың азаматтық іс бойынша апелляциялық шағымын Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер бойынша сот алқасының іс бойынша төрағалық етуші Қ.Адранов және судьялары К.Каниева, К.Қиязов заң нормаларын сақтай отырып, кәсіби, әділ және істі жан-жақты қарағанын көрсеткен.

Судьялар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері «дөңгелек үстел» басында кездесті

16/02/2017

Сырдария ауданы әкімдігінің мәжіліс залында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің  қатысуларымен  дөңгелек үстел өткізілді.  

Аталған іс-шараға аудандық соттың төрағасы А.Абдулла, аудан прокуроры А.Таженов, кеңсе меңгерушісі Д.Байдушев, «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің үкіметтік емес ұйым басшылары  және сот мамандары қатысты.

Автокөлікті масаң күйде басқарған азаматқа айыппұл жазасы тағайындалды

16/02/2017

Қызылорда қалалық №2 сотында сотталушы С-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, азамат С-ның автокөлігімен жарық шамын жақпай келе жатқан кезде Қызылорда ЖППБ-нің қызметкері тоқтатып, құжаттарын тексеру барысында құжаттары болмағаны үшін әкімшілік хаттама рәсімдеу барысында оның автокөлікті алкогольдік масаң күйінде басқарғаны, медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, анықталды.

Сотпен 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды

16/02/2017

Көлікті мас күйінде басқару қозғалыстың басқа қатысушыларына аса қауіп тудыратын әрекет болып табылады.

Арал аудандық сотында азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы А. көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адам бола тұра, «Шымкент-Самара» тас жолында автокөлігін алкогольдік масаң күйінде басқарған.

Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, іс құжаттарымен және оның кінәсін мойындаған жауабымен дәлелденген.

Байқоңыр қалалық сотында «Ашық есік күні» өткізіледі

16/02/2017

2017 жылдың 22 ақпанында сағат 16:00 мен 18:00 аралығында Байқоңыр қалалық сотында «Ашық есік күні» өтеді.

«Ашық есік күні» іс-шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімінің деңгейін көтеру мақсатында өткізіледі.

«Ашық есік күні» қосымша ақпараттар алу үшін 8 (336-22)7-38-55 телефон номеріне хабарласуға болады.

Біздің мекен-жайымыз: Байқоңыр қаласы, Максимова көшесі, 17 «а» үй.  

Сотпен тонау қылмысын жасамақ болған азаматтар кінәлі деп танылды

16/02/2017

Қызылорда қалалық №2 сотында азаматтар Ш. мен А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азамат Ш. тас жолының бойында орналасқан жанар май құю бекетіне барып, сол жерден жәбірленуші М-ға жақындап соққы жасап, қолындағы пышағымен қорқытып ақша талап еткен.

Сонымен қатар,  азамат А. автокөлікке барып жәбірленуші С-ның ұялы телефонын алып, оның құпия кодын талап етіп, пышағын тақап, соққы жасап, қорқытқан.

Тараптар татуласуына байланысты әкімшілік іс тоқтатылды

16/02/2017

Байқоңыр қалалық сотына құқық бұзушы М-ге қатысты сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеп, қорлап тиісіп, кемсітіп,  жеке тұрғын үйінде тыныштығын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73- бабының 1-бөлігімен жинақталған материал қаралды.

Сот отырысында М. кінәсін толық мойындап, жасаған іс-әрекеті үшін қынжылып, өкінетінін, қазіргі кезде анасымен татуласқанын ескеріп, әділ шешім қабылдауды сұрады.

Сонымен қатар, жәбірленуші оған кешірім беретінін көрсетіп, әкімшілік істі өндірістен қысқартуды сұрады.

Жауапкер ата-аналық құқығынан шектелді

16/02/2017

Талапкер қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына талап арыз беріп, онда жауапкер Р. кәмелетке толмаған  ұлынан бас тартқанын, баласы әжесімен бірге тұратынын, бала қазіргі таңда мектепте оқитынын, жауапкер балалардың тәрбиесімен және оларды асырап-бағумен айналыспайтынын, ішімдікке салынғанын көрсетті, сондықтан жауапкер Р-ны кәмелетке толмаған А-ға қатысты ата-аналық құқығынан шектеуді және алимент өндіруді сұрады.

Жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қаралып қарыз ақша өндірілді

16/02/2017

Байқоңыр қалалық сотында талап қоюшы К-нің жауапкер Б-дан  қарыз ақша өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Сотта, жауапкердің талап қоюшыдан 130 000 теңге қарыз ақша алғаны және оны белгіленген уақытта қайтарып беруге міндеттеме алғаны қолхатымен бекітілетіні анықталды.

Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылып, жауапкерден талапкердің пайдасына қарыз ақшасы және сот шығыны ретінде төленген баж алымы өндірілді.

Шешім заңды күшіне енді.

Аса ірі мөлшердегі ескерткі заттарды өткізу мақсатынсыз иемденіп, сақтап, тасымалдаған азаматқа қатысты жаза тағайындалды

16/02/2017

Қызылорда қалалық №2 сотында сотталушы О-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, азамат О-ның Қызылорда ОІІД-нің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Қызылорда қаласы, Торайғыров пен Қорқыт ата көшелерінің қиылысында тоқтатылып тексеру барысында, полиэтилен және темекі фольгасына оралған ақ түсті ұнтақ тәріздес салмағы 1,38 грамм болатын есірткі заты героин табылғаны анықталды.

Сот мемлекеттік лицензияның қолданысын тоқтата отырып, айыппұл жазасын тағайындады

16/02/2017

Арал аудандық сотында азамат У-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, алкоголь өнімдерін бөлшек саудада сату қызметімен айналысуға мемлекеттік лицензиясы бар жеке кәсіпкер У. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 472-бабының 3-тармағының талабын бұзып, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу бойынша жыл сайынғы лицензиялық алымды төлемеген.