Архив событий

01/02/2017

Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасы іске асырылуда

01/02/2017

Медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізу мақсатында медиатордың жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының өкімімен  Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасы 2017 жылдың ақпан айынан бастап іске қосылып, шілде айына дейін жалғасады.

Қызылорда қалалық сотында жедел кеңес өтті

01/02/2017

Қызылорда қалалық соты төрағасы А.М.Бабатов судьялардың қатысуымен жедел кеңес өткізді.

Жедел кеңесте судьялар азаматтық істердің кейбір санаттарын қарау барысында туындайтын мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, мұрагерлік құқық қатынастарынан туындайтын дауларды қарау, сот қаулыларын қабылдау  бойынша сұрақтар нақты азаматтық істерді мысалға келтіріле отырып талқыланды.

Талқылау барысында ҚР Жоғарғы Сотының осы санаттағы істерді қарау тәжірибесіне арналған нормативтік қаулыларынан үзінділер келтірілді.

Кәмелетке толмаған балалары бар әйелді сот рақымшылық актісі негізінде жазадан босатты

01/02/2017

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бас жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы ең алдымен әлеуметтік тұрғыдан осал адамдарға, кәмелетке толмағандарға, жүкті әйелдер немесе кәмелетке толмаған балалары немесе мүгедек балалары бар әйелдер, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалардың жалғыз ата-анасы болып табылатын ер адамдарға, мүгедектерге, қарт кісілерге қатысты қолданылады.

Қоғамдық орында адамдарды мазалағаны үшін әкімшілік шара көрілді

01/02/2017

Арал аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 449 бабының 3 бөлігімен азамат Ш-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында, Арал қаласы Төлегенұлы көшесі бойында, яғни, қоғамдық орында заттарды өзгеше тәсілмен сату мақсатында кәсіпкерлік субьектісі болып табылмайтын  Өзбекстан Республикасының азаматы Ш-ның азаматтарға тиісіп, мазалап, өтініш білдіру сипатындағы құқық бұзушылықты  жасағандығы анықталған.

Тоқтап тұрған көлікке соққан

01/02/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында құқық бұзушы  Ш-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, жүргізуші Ш. «Volkswagen» маркалы автокөлігімен артқа жүрген кезде, қауіпсіз екендігіне күмәнданбай, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, тұрақта тұрған А-ның «Toyota» автокөлігіне соққан, осының салдарынан автокөліктің иесіне материалдық шығын келтірген.

Шиелі аудандық сотында семинар сабағы өткізілді

01/02/2017

Шиелі аудандық сотында кеңсе мамандарының арасында жемқорлықты алдын ала ескертіп, оны болдырмаудың алдын алу және жол бермеу мақсатында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау керектігі туралы семинар сабақ өткізілді.

Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды

01/02/2017

Жалағаш аудандық соты  ҚР ҚК 106 бабының 2 бөлігінің 5,7 тармақтарымен адамдар тобы болып, бұзақылық ниетпен жәбірленушінің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін күдіктелген азамат А-ға қатысты күзетпен ұстауға санкция беру туралы  өтінішті қарады.

Іс материалдарынан анықталғандай, күдікті А. адамдар тобы болып бұзақылық ниетпен, алдын ала сөз байласу арқылы, мейрамхана жанында жәбірленушінің басынан таспен ұрып, денсаулығына қасақана «ауыр» зиян келтірген.

Сот қаулысымен 226 900 теңге айыппұл салынды

01/02/2017

Жаңақорған аудандық сотында құқық бұзушы Е-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы Е. Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 17 қазан 2016 жылғы қаулысымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған адам бола тұра, автокөлігін алкогольдік масаң күйде басқарып, Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылы, Азиз-Кемал көшесінің бойында қарсы жолға шығып, қарсы жолда келе жатқан автокөлікке соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалған.

Сот қолхат бойынша қарыз сомасын төлеуді міндеттеді

01/02/2017

Арал аудандық сотында талап қоюшы С-ның жауапкер Ж-дан қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, жауапкер Ж. 2015 жылдың 7 желтоқсанында талап қоюшы С-дан екі ай көлемінде қайтаратын болып, 46 000 теңге қарызға ақша алған. Бірақ, талап қоюшының бірнеше мәрте сұрағанына қарамастан, жауапкер қарыз ақшасын қайтармаған.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 272 бабының талабына сәйкес, міндеттеме-міндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиісінше орындалуға тиіс.

Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы әкімшілік істер

01/02/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 2016 жылдың 12 айында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабымен 189 әкімшілік іс қарады, оның  ішінде  1  іс  ведомстволық  бағыныстылық бойынша қайтарылған.

Несие қарызы өндірілді

01/02/2017

Жалағаш аудандық сотында талап қоюшы «Бюро по работе с дебиторами (Борышкерлермен жұмыс жасау бюросы)» ЖШС-нің келісім шарт талаптарын орындамағаны үшін жауапкер Ж. несие қарызын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы өкілі жазбаша арызында талабын толық қуаттап, істі қатысуынсыз қарауды сұраған.

Қоғамдық орынды ластаған үшін жауапкершілікке тартылды

01/02/2017

Құқық бұзушы Е-ның  тәрбиесіндегі кәмелет жасына толмаған баласы А. көше бойында шемішке шағып, қалдығын жерге тастап, қоғамдық орынды ластап, ұсақ бұзақылық жасаған, яғни, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 435 бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен құқық бұзушыға 10393 тенге айыппұл салынды.