Архив событий

02/02/2017

Облыстық сот жылдың үздік аудандық сотын анықтады

02/02/2017

Қызылорда облыстық соты жыл сайын өткізілетін «Жылдың үздік аудандық соты» байқауының жеңімпазын анықтады.

Байқауды ұйымдастырудың басты мақсаты – сот билігінің беделін нығайту, сот төрелігін жүзеге асырудың тиімділігі мен сапасының деңгейін арттыру, оң тәжірибені қалыптастыру, судья жұмысы білімін, шеберлігі мен дағдыларын жетілдіру болды.

Дөңгелек үстел өткізілді

02/02/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандырдың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сот актілерін орындау барысында туындаған мәселелер» бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға сот төрағасы А.К.Әбу, кеңсе қызметкерлері, Әділет департаментінің мамандары және жеке сот орындаушылардың басшысы Н.Саймов қатысты.

Шара барысында баяндамашы Қ.Шакиев қылмыстық істер бойынша орындалмай тұрған атқару парақтарына,  сот орындаушылардың өндірісінде тіркелмей тұрған атқарушылық өндірістерге тоқталып өтті.

Ұрлық оқиғасы бойынша тараптар медиация тәртібімен татуласты

02/02/2017

Қазалы аудандық сотында сотталушы А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы А. бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатында, жәбірленуші Р-ның үйінің ауласында орналасқан гаражынан жүк автокөлігінің қозғалтқышын және үлкен газ балонын жасырын жымқырып,  жәбірленушіге 20 000 теңге мүліктік залал келтірген.

Басты сот талқылауында, сотталушы мен жәбірленуші «Медиация туралы» Заңының тәртібімен өзара татуласып, келісімге келіп, істі «Медиация туралы» Заңына сәйкес қысқарту үшін медиативтік келісімді сотқа ұсынды.

Көшпелі дәріс сабағы өткізілді

02/02/2017

Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметін үйлестіруші судья Ж.Жолдасов ауданға қарасты Шаған ауылдық округі тұрғындарымен кездесу ұйымдастырып, соттағы соңғы жаңалықтар және құқықтық сауаттылық бойынша көшпелі дәріс сабақтарын өткізді.

Рақымшылық Заңы қолданылып, жазаның өтелмеген бөлігі қысқартылды

02/02/2017

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-нің Қазалы аудандық пробация қызметі Қазалы аудандық сотының 23.07.2013 жылғы үкімімен ҚР ҚК-нің 311-бабы 4-бөлігінің «б,г» тармақтарымен, 308-бабының 4-бөлігімен, 177-бабының 3-бөлігінің «г» тармағымен 7 жыл 6 айға бас  бостандығынан айыруға сотталып, Жамбыл облысы, Тараз қаласы №2 сотының 30.07.2015 жылғы қаулысымен ҚР ҚК-нің 73-бабына сәйкес, жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен 4 (төрт) жыл 8 (сегіз) ай 28 (жиырма сегіз) күнге бас бостандығынан шектеу жазасына ауыстырылған сотталған А-ға «Қазақстан Республикасы Тәуелсіз

Алимент төлемегені үшін қамаққа алу жазасы тағайындалды

02/02/2017

Байқоңыр қалалық сотында құқық бұзушы М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы М. кәмелеттік жасқа толмаған балаларын асырап бағу үшін барлық табысының  ¼ бөлігі мөлшерінде алимент өндіру туралы сот шешімін ұзақ уақыт бойы орындамаған. Осының нәтижесінде оның алимент бойынша берешегі  2016 жылдың қаңтар айынан желтоқсан айы аралығында 399 782 теңгені құраған.

Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

02/02/2017

Арал аудандық сотында азамат У-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы У. өз үйінде жанжал шығарып, әйеліне балағат сөздер айтып, жанұя шырқын бұзып, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасаған.

Сот талқылауы барысында, жәбірленуші мен құқық бұзушы кәсіпқой медиатордың араласуымен медиациялық келісімге келіп, әкімшілік істі өндірістен тоқтатуды сұраған.

Судьялық әдеп кодексі талқыланды

02/02/2017

Қызылорда облыстық сотының Судья әдебі жөніндегі комиссиясының жоспарына сәйкес, комиссия мүшесі Г.Искакова Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік соты судьяларымен бірге Судьялық әдеп кодексі бойынша судья әдебі нормаларының сақталуын, оның мәнін жете түсініп, еңбек тәртібінің сақталуын талқылады.

Қоғамдық пікір тудырған іс бойынша брифинг өтті

02/02/2017

Қазалы аудандық сотында жергілікті «Серік ТВ» телеарнасы өкілінің қатысуымен брифинг өтті.

Шара барысында аудандық сот төрағасы Қ.Темірбаев Қазақстан Республикасы ҚК-нің 106 бабының 3-бөлігімен айыпталған сотталғандар  Г. және Т-ның қылмыстық ісі бойынша ақпарат берді.