Архив событий

20/02/2017

Х а б а р л а н д ы р у

20/02/2017

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін  қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты  аппаратының) Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі, 120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі №29, анықтама телефондары:

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» талқыланды

20/02/2017

Шиелі аудандық соты қызметкерлерінің арасында  «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» бойынша семинар өткізілді

Семинар жұмысын кеңсе меңгерушісі М.Жусупбекова ашып, күн тәртібіндегі мәселеге тоқталды.

Семинар барысында бас маман сот отырысының хатшысы Е.Қыдыралиева баяндама жасап, ол Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілердің қызметтік Әдеп қағидалары туралы айтып берді.

Судьялар халықаралық шарттардың нормаларын қолдану мәселелерін талқылады

20/02/2017

Шиелі  аудандық сотының судьялары арасында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 10 шілдедегі «Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын қолдану туралы» нормативтік қаулысын талқылау бойынша семинар сабағы өткізілді.

Семинар барысында аудандық сот судьясы А.Тубекбаева Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының халықаралық шарттардың нормаларын қолдану мәселелері бойынша баяндама жасады.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

20/02/2017

Қызылорда қалалық №2 сотында сотталушы Ж-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Атап айтқанда, сотталушы Ж. Қызылорда қаласы, Шүкіров көшесінде жәбірленуші А-ның автокөлігін көріп, жолаушы жақ бетіндегі есігінің ашық тұрғанын байқап, автокөліктің ішіне заңсыз кіріп, аккумуляторын ұрламақшы болып жатқан уақытта, ұсталып қалған.

Сот отырысында сотталушы Ж. өз кінәсін мойындап, қылмыстық жауапкершіліктен жәбірленушімен медиациялық тәртіппен келісімге келуіне байланысты істі қысқартуды сұрады.

Ақпараттық хабарлама

20/02/2017

2017 жылдың 23 ақпанында сағат 10:00 ден 12:00 аралығында Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілетіндігін  хабарлаймыз.

«Ашық есік  күніне» тілек білдіруші барлық қала тұрғындары қатысып, сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері бар.

Іс-шараның өткізілу мақсаты азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеру және сот  төрелігінің  қолжетімділігін арттыру болып табылады.

Автокөлікті ашық түрде жымқырған азаматқа пробациялық бақылау белгіленді

20/02/2017

Қызылорда қалалық №2 сотында азамат А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, анықталғандай, азамат А. автокөлік жуу орталығының алдында жәбірленуші М-ның жанына сыбайластарымен бірге барып, өлтіремін деп қорқытып, автокөлігін ашық түрде жымқырған.

Жәбірленуші М. сотқа берген арызында сотталушыға кешірім бергенін,мүліктік залал  қалпына келгенін көрсеткен.

Сотпен азаматқа келген шығын сомасы өндірілді

20/02/2017

Жалағаш аудандық соты талап қоюшы Г. жол-көлік оқиғасымен келтірілген моральдық, материалдық шығын өндіру туралы талап арызын қарады.

Талап қоюшы сотқа моральдық, материалдық шығын өндіру туралы талап арызымен жүгінген себебі, қызына жол-көлік оқиғасы салдарынан денсаулығына «жеңіл» дәрежелі айтарлықтай зиян келген.

Қармақшы аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізіледі

20/02/2017

Сот төрелігінің ашықтығын қамтамасыз ету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сот төрелігін атқару барысында азаматтардың заңды құқықтарының сақталуын қорғау мақсатында Қызылорда облысы Қармақшы аудандық сотында 2017 жылдың 22 ақпан күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін "Ашық есік күні" өткізіледі.

 

 

Сот қарыз сомасын төлеуді міндеттеді

20/02/2017

Арал аудандық сотында талап қоюшы Т-ның жауапкер А-дан қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, жауапкер А. 2016 жылдың 29 маусымында талап қоюшы Т-дан екі ай көлемінде қайтаратын болып, 100 000 теңге қарызға ақша алған. Бірақ, талап қоюшының бірнеше мәрте сұрағанына қарамастан, жауапкер қарыз ақшасын қайтармаған.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 272 бабының талабына сәйкес, міндеттеме-міндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиісінше орындалуға тиіс.

Сот әкімшілік айыппұл салу жазасын тағайындады

20/02/2017

Жалағаш аудандық сотымен құқық бұзушы Б. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы өзінің басқаруындағы автокөлігімен Жалағаш ауданы, Мәдениет ауылы, 8-март көшесінде орналасқан Жалағаш аудандық электр торабының теңгеріміндегі электр бағанасына соғып, жол көлік оқиғасын жасаған.

Сотта Б. кінәсін мойындайтынын, автокөлігімен жарық беру бағанасына соққанын, қазіргі уақытта келтірген мүліктіктік залалды қалпына келтіргенін көрсетті.       

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің Конкурстық комиссиясының қорытынды отырысының хаттамасынан үзінді (20.02.2017 ж.)

20/02/2017

Тапсырылған құжаттардың және өткізілген әңгімелесу нәтижесінің негізінде  Конкурстық комиссияның оң шешімін алған кандидаттар тізімі:

1).Қызылорда облысы  бойынша  соттар  әкімшісінің талдау  және  жоспарлау  бөлімінің жетекші маманы (С-О-6 санаты) (1 бірлік) лауазымына:

1. Алданов  Турар  Арыстанович,