Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қалалық №2 сотында сотталушы Ж-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Атап айтқанда, сотталушы Ж. Қызылорда қаласы, Шүкіров көшесінде жәбірленуші А-ның автокөлігін көріп, жолаушы жақ бетіндегі есігінің ашық тұрғанын байқап, автокөліктің ішіне заңсыз кіріп, аккумуляторын ұрламақшы болып жатқан уақытта, ұсталып қалған.

Сот отырысында сотталушы Ж. өз кінәсін мойындап, қылмыстық жауапкершіліктен жәбірленушімен медиациялық тәртіппен келісімге келуіне байланысты істі қысқартуды сұрады.

Жәбірленуші А. сотталушымен медиациялық тәртіппен келісімге келгенін және істі қысқартуды сұрап арыз берген.

Сот қаулысымен,  ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі арқылы 188-бабының 2-бөлігінің 3) тармағымен айыпталған сотталушы Ж-ны қылмыстық жауаптылықтан ҚР ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігі негізінде босатылып, медиация тәртібімен қылмыстық іс өндірістен қысқартылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Қызылорда қалалық №2сотының баспасөз қызметі