«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шиелі аудандық соты қызметкерлерінің арасында  «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» бойынша семинар өткізілді

Семинар жұмысын кеңсе меңгерушісі М.Жусупбекова ашып, күн тәртібіндегі мәселеге тоқталды.

Семинар барысында бас маман сот отырысының хатшысы Е.Қыдыралиева баяндама жасап, ол Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілердің қызметтік Әдеп қағидалары туралы айтып берді.

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатынын және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қоятынын. Кодекс халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталғанын атап өтті.

Берілген тақырыпты талдау барысында мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытында және жұмыстан тыс уақыттағы, қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындау кезіндегі және қоғамдағы мінез-құлық стандарттарын сақтау қажеттілігіне көңіл аударылды.

Қайнар: 
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі