Архив событий

07/02/2017

Сот қызметкерлерінің арасында семинар сабағы өткізілді

07/02/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында семинар сабағы өткізілді.

Судья Қ.М.Бержанов семинар сабағын ашып, сөз кезегін бас маман Қ.Шакиевке берді. Ол баяндамасында «Қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді алу, есепке алу, сақтау, беру және жою туралы» нұсқаулыққа тоқталып өтті.

Жетекші маман А.Нешжанова өз кезегінде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» Заңы туралы баяндады.

Арал аудандық сотында баспасөз мәслихаты өткізілді

07/02/2017

Арал аудандық сотының судьясы Н.Бекетаев жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жоба» тақырыбында баспасөз мәслихатын өткізді.

Жауапкер ата-аналық құқығынан айырылды

07/02/2017

Талап қоюшы қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына талап арыз беріп, онда жауапкер Р-ның  кәмелетке толмаған  Е.,  Т.,    М., және  Д.  есімді  балалары  бар  екенін, жауапкер өзінің  жұбайы  М-ны  қасақана  өлтіргені  үшін  сот  үкімімен сотталғанын, кәмелетке  толмаған  балалары  мектепте  оқитынын,  жауапкер  Р.  бостандыққа  2015  жылы  шыққанымен балаларын  осы  уақытқа  дейін  іздеп келмегенін, оларға  материалдық  көмек  бермегенін кө

Талап ішінара қанағаттандырылды

07/02/2017

Арал аудандық сотында талап қоюшы «А» Микроқаржы ұйымы ЖШС-нің жауапкер Т-дан несие қарызын өндіруді сұраған азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы «А» Микроқаржы ұйымы ЖШС-гі сотқа талап арызбен жүгініп, несие алушы тарапынан шағын несие сомасын қайтару туралы міндеттемелер тиісті түрде орындалмауы себепті, жауапкер Т-дан 14.09.2015 жылғы шағын несие шарты бойынша 218 837 теңге несие қарызын өндіруді сұраған.

Сотта БАҚ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті

07/02/2017

Сырдария аудандық сотында БАҚ өкілдерінің сот ғимаратына кіру мәселелеріне қатысты дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге БАҚ өкілдері және Қызылорда облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының өкілдері қатысты.

БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіруші судья Ж.Жолдасов БАҚ өкілдеріне соттарға техникалық құралдарымен кіру және сот отырысында қолдану тәртібі  бойынша түсіндірмелер берді.  

Отбасылық жанжал үшін жауапкершілік

07/02/2017

Арал аудандық сотында азамат Т-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат Т. алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде, өз үйінде әйелімен айқайласып, оған балағат сөздер айтып, оның жанжалды доғар деген талабына құлақ аспаған.

Сотта жәбірленуші Б. құқық бұзушымен татуласпағанын, заң жүзінде оған шара көруді сұрайтынын көрсеткен.

Сот қаулысымен құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза қолданылды.

Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жаза тағайындалды

07/02/2017

Қазалы аудандық сотында азамат Ә-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы Ә. ҚР ҚК-нің 309-бабының 1-бөлігімен айыпталған сотталушы Ш-ның қылмыстық ісі бойынша 2017 жылдың 31 қаңтар күні  сағат 10.00-ге тағайындалған басты сот талқылауына куә ретінде шақырылғанын біле тұра, дәлелсіз себептермен қасақана келмей, сотқа құрметтемеушiлiк білдірген.

Сот қаулысымен азамат Ә.  Қазақстан Республикасы  ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігімен  кінәлі деп танылып, оған ескерту түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

Есірткі затын заңсыз сақтаған

07/02/2017

Қармақшы аудандық сотында сотталушы Ж-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс материалы бойынша, сотталушы Ж. кептірілген «марихуана» есірткі затын тауып алып, иемденіп, өзімен бірге заңсыз тасымалдап алып жүрген.

Қармақшы аудандық сотының үкімімен сотталушы Ж., Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен  кінәлі деп танылып, оған 80 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қоғамдық орынға масаң күйде келгені үшін қамаққа алынды

07/02/2017

Қазалы аудандық сотында  азамат Н-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат Н. Қазалы станциясы  теміржол вокзалы ғимараты ішінде, яғни қоғамдық орында адамның қадір қасиетіне әрі қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіретіндей алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйде келіп, осы әрекеттерді әкімшілік жазаға бір жыл ішінде екі рет тартылғанына қарамастан қайталап жасаған.

Аңшы мылтығы тәркіленді

07/02/2017

Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасымен «Құқық тәртібі» іс-шарасын жүргізу барасында ішкі істер органдарында тіркелмеген аңшы мылтығын заңсыз иеленіп, алып жүргені үшін Қызылорда қаласының тұрғыны Е. ұсталған.

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен жинақталған іс бойынша іс-құжаттары зерттеліп, құқық бұзушы Е-ның әрекетінің сипаты мен дәрежесі сараланып, оған әкімшілік айыппұл салынып, аңшы мылтығы мемлекет пайдасына тәркіленді.