Архив событий

15/02/2017

Сот алаяқтыққа қатысты іс бойынша үкім шығарды

15/02/2017

Қызылорда қалалық №2 соты қайтадан алаяқтық жасаған сотталушы Г-ның қылмыстық ісін қарады.

Сотпен анықталғаны, сотталушы Г. жәбірленуші Ш-ға мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алып бере алатындығын айтып сендіртіп, сыйақы үшін 1 200 000 теңге ақшасын алдап алған. Осыдан кейін, сотталушы Г. қылмыстық әрекетін одан әрі жалғастырып, пәтер алып беремін деп, жәбірленуші Ж-дан 1 100 000 теңге, жәбірленуші Ұ-дан 1 000 000 теңге, ал жәбірленуші Н-дан 300 000 теңгесін алдап алып, бас пайдасына жаратып, алаяқтық жасаған.

Алимент төлемегені үшін қамаққа алу әкімшілік жазасы тағайындалды

15/02/2017

Байқоңыр қалалық сотында құқық бұзушы К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы К. кәмелеттік жасқа толмаған балаларын асырап бағу үшін барлық табысының ½ бөлігі мөлшерінде алимент өндіру туралы сот шешімін ұзақ уақыт бойы орындамаған. Осының нәтижесінде оның алимент бойынша берешегі 459 102 теңгені құраған.

Соттың қаулысымен құқық бұзушы К. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабымен жауапкершілікке тартылып, оған төрт тәулікке қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазасы тағайындалды.

Сотпен қарыз соммасы өндіріп алынды

15/02/2017

Байқоңыр қалалық сотымен талап қоюшы «ҚМФ Микроқаржылық ұйым» ЖШС-мен арнайы қаржы компаниясының жауапкер К.-ден қарыз сомманы өндіріп алу туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап арыз толық қанағаттандырылып, жауапкер К-дан талап қоюшы  ЖШС-ның пайдасына барлығы 206 942 теңге өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. 

Сотта брифинг өткізілді

15/02/2017

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы А.Сабыров, жұртшылық арасында қоғамдық пікір туғызған қылмыстық іс бойынша, БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.      

Арал-Шет бекетінде Орал қаласы азаматының көлігінде полиция қызметкерлері аса ірі мөлшерде есірткі зат - кептірілген марихуананы тапқан қылмыстық іс бойынша, БАҚ өкілдерінің қойған сұрақтарына судья жауап берді.

Қарыз өндіру туралы талап арыз қанағаттандырылды

15/02/2017

Қармақшы ауданық сотында талап қоюшы С-ның жауапкер Т-дан  қарыз ақша өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотта, жауапкердің талап қоюшыдан 220 000 теңге көлемінде қарызға зат алғаны және оны белгіленген уақытта қайтарып беруге міндеттеме қолхатымен бекітілгені анықталды.

Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылып, жауапкерден талапкердің пайдасына қарыз ақшасы және сот шығыны ретінде төленген баж алымы өндірілді.

Жеңілдетілген іс жүргізу сот ісін қарау мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді

15/02/2017

Қызылорда қалалық сотында жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен іс қарау тәжірибесі барынша қолға алынып отыр. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, барлық қаралған істердің 24 пайызын осы тәртіппен қаралған істер құраған.

2014 жылдың 29 қарашасында қолданысқа енгізілген жеңілдетілген іс жүргізу тәртібі жаңа Азаматтық процестік кодекстің 13 тарауы 144-147 баптарымен «Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу» деп аталып реттелген. Аталған тәртіппен қаралатын істердің санаттары жаңа кодексте көбейген және істі қарау мерзімі 1 ай  мерзімді құрап отыр.

Құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

15/02/2017

Құқық бұзушы Т. компьютер клубының администраторы болып қызмет жасап жүріп, кәмелетке толмаған Б. мен Ш-ға компьютер клубында заңды өкілдерінің бірге жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық орнында болуына жол берген.

Яғни, ол Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 132-бабының 1-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Арал аудандық сотында брифинг өткізілді

15/02/2017

Арал аудандық сотында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Жеке айыптау тәртібімен қаралған қылмыстық істер» тақырыбында брифинг өтті.

Назарларыңызға! «Ашық есік күні» өткізілетінін хабарлаймыз

15/02/2017

2017 жылдың 23 ақпанында, сағат 16:00-ден 18:00 аралығында Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында осы соттың төрағасы мен судьяларының қатысуымен кезекті «Ашық есік күні» іс шарасы өткізілетінін хабарлаймыз.

«Ашық есік күні» іс шарасына кез-келген тілек білдіруші азаматтар қатысып өзінің сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері бар.

Іс шараның өткізілу мақсаты азаматтардың құқықтық мәдениетін және сот төрелігінің деңгейін арттыру болып табылады.

Жаза өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату жөніндегі өтініш қанағаттандырылды

15/02/2017

Арал аудандық сотында азамат М-ның жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату жөніндегі өтініші қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат М. Ақтөбе қаласының №2 сотының 19.02.2014 жылғы үкімімен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 178 бабының 2 бөлігінің «а» тармағымен кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған.

Қоғамдық орынды ластаған

15/02/2017

Сырдария аудандық сотында құқық бұзушы К-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы К. Қызылорда қаласы, Әбілхайырхан көшесінің бойына темекі қалдығын белгіленбеген жерге тастап, ұсақ құқық бұзушылықты жасаған.

Сот құқық бұзушы К-ны Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танып, оған 15 883 тенге әкімшілік айыппұл салды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Ішкі істер органдарында тіркелмеген қаруды заңсыз тасымалдағаны үшін айыппұл салынды

15/02/2017

Шиелі аудандық сотында азамат С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік іс құжаттары бойынша азамат С. өзімен бірге ішкі істер органдарында тіркелмеген 16-калибрлі аңшы мылтығын, заңсыз иеленіп алып жүріп, тасымалдаған.

Сот отырысында азамат С. өзінің кінәсін мойындаған, сондай-ақ, оның жасаған әрекеті сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.

Сот ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыппұл тағайындады

15/02/2017

Құқық бұзушы П. қоғамдық орында темекі шегіп, қалдығын сол жерге тастап, ортақ пайдалану орнын ластап, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, ұсақ бұзақылық жасаған.

Сот отырысында құқық бұзушы П. кінәсін мойындап, өкініп кешірім сұрады.

Соттың қаулысымен құқық бұзушы П. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы баппен 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 22 690 теңге айыппұл салынды.

Айыппұл жазасы тағайындалды

15/02/2017

Шиелі аудандық сотымен Ә-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Ә-ның кәмелеттік жасқа толмаған 2002 жылы туылған баласы А. қоғамдық орында шемішке шағып, шемішке қалдығын белгіленбеген жерге тастап, жеке тұлғалардың ортақ пайдалану орнын ластап, ұсақ бұзақылық жасаған.

Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 435-бабында 14-16 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адам жасаған ұсақ бұзақылық ата-анасына және оларды алмастыратын адамдарға 7 АЕК мөлшерінде айыпұл салуға әкеп соғатыны көзделген.