Архив событий

21/02/2017

«Ашық есік күні» шарасы өткізілді

21/02/2017

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» шарасы өткізілді.

Аталған іс шараға жергілікті тұрғын, алқабиге кандидат азамат А.Хамзиев қатысты.

«Ашық есік күні» азаматтарды қабылдаған сот төрағасы С.Сүлеймен А.Хамзиевтің алқабиге қатысты сұрақтарына толық жауап берді.

Шараға келген азамат алған ақпараттарының толықтығына риза болып,  соттың ашықтығына алғысын білдірді.

Жаңақорған аудандық сотында семинар сабағы өтті

21/02/2017

Жаңақорған аудандық соттың судьяларының қатысуларымен 20 ақпан 2017 семинар сабағы өтті.

Семинарға  аудандық соттың төрғасы мен судьялары қатысты.

Аудандық сот төрағасы Н.Қосанов Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кассациялық сот алқасында күші жойылған үкімдер бойынша жолданған қаулыларға тоқталып, баяндама жасап,  кемшіліктер бойынша атап-атап көрссетті.

Қызылорда облыстық сотында сот орындаушылардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті

21/02/2017

Қызылорда облыстық сотында Қызылорда облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына сот органдарындағы «Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы жолданған атқару құжаттары бойынша туындаған мәселелерге қатысты дөңгелек үстел өткізілді.

Былапыт сөйлегені үшін әкімшілік қамаққа алынды

21/02/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында құқық бұзушы Ә.-ге қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Іс құжаттары бойынша, құқық бұзушы Ә. Қызылорда қаласы Қорқыт Ата көшесі бойында орналасқан жанар-май кұю бекетіндегі дүкенде сатушы болып тұрған азаматша С-ға қарсы былапыт сөйлеп, ар-намысына тиетін сөздер айтып, қоғамдық орында төңірегіндегілерге сыйламаушылықты білдіретін іс-әрекетті жасаған.

Қызылорда қалалық сотында «Ашық есік күні» өтті

21/02/2017

Қызылорда қалалық сотында «Ашық есік күні» өтті. Шараға келген азаматтарды Қызылорда қалалық сотының судьясы А.Молдабекова қабылдады.

«Ашық есік күні» іс-шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізіледі.

Сонымен бірге, шараның міндеті сот билігінің беделін, ашықтығы мен жариялығын арттыру, БАҚ өкілдері мен азаматтардың сауалдарына жауап беру болып табылады.

Шиелі аудандық сотында брифинг өткізілді

21/02/2017

Шиелі аудандық сотында жергілікті «Өскен өңір» газетінің тілшісінің қатысуымен брифинг өткізілді. Брифингте аудандық соттың судьясы Г.Курманбай өткізді.

Әкімшілік іс бойынша анықталғаны, азаматша К-ға жәбірленуші Т. балағат сөздер айтты, деп Шиелі АІІБ-мен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы хаттама толтырылған.

Соттың жеке және мемлекеттік сот орындаушыларымен қарым қатынастары

21/02/2017

Сырдария аудандық Әділет басқармасында «Соттың жеке және мемлекеттік сот орындаушыларымен қарым қатынастары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға Сырдария аудандық сотының судьясы Ж.Жолдасов, Сырдария аудандық Әділет басқармасының басшысы А.Досымов, аудандық сотының кеңсе меңгерушісі, мемлекеттік және жеке сот орындаушылары қатысты.

Жаңақорған аудандық сотында дөңгелек үстелі өтті

21/02/2017

Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастыруымен «Неке бұзу, заңды маңызы бар фактілерді анықтау тағыда басқа сол сияқты қаралған азаматтық істер бойынша шығарылған сот актілерінің орындалуы тәртібі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Сотта «Ашық есік күні» өткізілді

21/02/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотында «Ашық есік күні» өтті.

Шара қатысушыларын сот төрағасы А.Әбу қабылдады.

Рақымшылық заңы қолданылып, айыппұл жазасынан босатылды

21/02/2017

Қазалы аудандық сотында Қазалы аудандық сотының 25.04.2016 жылғы үкімімен ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, 53 025 теңге айыппұл салу жазасына сотталған А-ны «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына сәйкес жазадан босату туралы жеке сот орындаушының ұсынысы қаралды.

Рақымшылық жасау туралы Заңының 2-бабының 1-бөлігінің негізінде қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар жасаған адамдар жазадан босатылатыны көзделген.

Рақымшылыққа байланысты іс қысқартылды

21/02/2017

Байқоңыр қалалық сотымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 378-бабы 1-бөлігі («Билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оларды атқаруына байланысты қорлау») бойынша айыпталған сотталушы Т-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Алдын ала тындау кезінде сотталушы өзіне рақымшылық жасауға келісті.

Сот өндірісіндегі қылмыстық істі «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына сәйкес 6-баптың 1-тармағына байланысты тоқтатылды.

Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін әкімшілік ескерту жасалды

21/02/2017

Арал аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабымен қорғау нұсқамасын бұзған азамат А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сот талқылауы барысында, Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңының 20-бабына сәйкес, Арал аудандық жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлерімен құқық бұзушыға қатысты қорғау нұсқамасы толтырылып, ол бойынша құқық бұзушыға жанұя мүшелеріне қатысты қандай да бір жан немесе тән азабын келтіретіндей әрекеттер жасауға тыйым салынғаны анықталған.

Балаларын оқыту міндеттерін орындамаған анаға айыппұл салынды

21/02/2017

Қазалы  аудандық сотында азаматша Э-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің студенті 2017 жылдың қаңтар айының 14 мен 27 аралығында белгісіз себептермен сабақтан қалған. Осы дерек бойынша оның анасы Э-ге қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 1-бөлігімен хаттама толтырылып, әкімшілік іс қозғалған.

Өзбекстан Республикасының 12 азаматы қөші-қон заңын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды

21/02/2017

Қармақшы аудандық сотында Өзбекстан Республикасының 12 азаматына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Олар Қазақстан Республикасы халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзып, яғни Қазақстан Республикасына келіп, тіркеу кезіндегі көрсетілген мекен-жайда тұрмай, жергілікті ішкі істер органдарында уақытша тіркелмеген.

Сот Өзбекстан Республикасы азаматтарын Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарылсын деп қаулы етті.

Қарыз сомасын өндіру туралы талап арыз оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралды

21/02/2017

Талап қоюшы «Ш» жеке кәсіпкері сотқа талап арыз беріп, онда жауапкер «К» акционерлік қоғамынан 1 928 000 теңге қарызды өндіруді сұраған.

Іс құжаттарына сәйкес, 2016 жылдың 31-қазанында тараптар арасында мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған. Талап қоюшы «Ш» жеке кәсіпкері шарт бойынша өз міндеттемесін орындаған және мүлікті бағалау қызметін көрсеткен.

Алайда, жауапкер шарт бойынша өз міндеттемесін бүгінгі күнге дейін орындамаған.

Сот шешімімен алимент мөлшерін төмендетті

21/02/2017

Талапкер К. Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына талап арыз беріп, онда жауапкер  Д-ға сот бұйрығымен екі кәмелетке толмаған баланы асырап бағуына барлық табысының 50 пайыз мөлшерінде алимент өндіріліп отырғанын, заң талабына сәйкес екі баласын асырап бағу үшін айлық табысының 33 пайызы мөлшерінде алимент ұсталуы тиіс екенін көрсетті, сондықтан соттан жауапкер Д-ға төленетін алимент мөлшерін 33 пайызға дейін азайтуды сұрады.