Архив событий

27/02/2017

Сотта «Ашық есік күні» өткізілді

27/02/2017

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында   «Ашық есік күні»  іс-шарасы өткізілді.

Ашық есік күніне келуші азаматтарды Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төраға міндетін атқарушы  А.Әбілқайысқызы қабылдады.

Іс-шараға заңгер  Р.Бегімбаев қатысып, өз сұрақтарын қойды.

Төраға міндетін атқарушы А.Әбілқайысқызы келушінің барлық сұрақтарына толық жауап берді.

Гендерлік саясат тақырыбында дөңгелек үстел өтті

27/02/2017

Қармақшы аудандық сотының судьясы Л.Алибекова құқық қорғау органдары, жергілікті уәкілетті мекемелер мен квази-мемлекеттік  органдар, коммерциялық ұйымдар, жеке және заңды тұлғалар арасында «Гендерлік саясатты» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

«Медиация –дауларды реттеудің тиімді әдісі» тақырыбында семинар сабақ жүргізілді

27/02/2017

Қызылорда қалалық №2 сотының бас маман-сот отырысының хатшысы Б.Абдуалидің жүргізуімен сот мамандарының арасында «Медиация-дауларды реттеудің тиімді әдісі» тақырыбында семинар сабақ өткізілді. Шараға кеңсе меңгеруші мен сот мамандары қатысты.

«Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі арқылы сотқа электронды құжаттарды беру тәртібі»тақырыбында дөңгелек үстел өтті

27/02/2017

Қармақшы аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Е.Мәтжанов құқық қорғау органдары, жергілікті  уәкілетті  мекемелер мен  квази-мемлекеттік органдар,коммерциялық ұйымдар, жеке және заңды тұлғалар арасында «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі арқылы сотқа электронды құжаттарды беру тәртібі» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

Кеңсе меңгерушісі Е.Мәтжанов күн тәртібіндегі мәселемен таныстырып, ол бойынша баяндама жасап өтті.

Қылмыстық іс рақымшылық актісі негізінде қысқартылды

27/02/2017

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен азамат Б-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, «Арал-Шеп» бекетінде полиция қызметкерлері жолаушылар автобусында жедел іздестіру іс шараларын жүргізу барысында, азамат Б-дан полиэтилен пакетке оралған, ішінде салмағы 2,31 гр. гашиш және салмағы 0,4 гр. кептірілген «марихуана» болатын есірткі заттары бар, орамдар табылып алынған.

Тараптардың татуласуына байланысты іс өндірістен қысқартылды

27/02/2017

Жалағаш аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі бойынша азамат Б-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Азамат Б. алкогольдік масаң күйде жұбайы К-ға тиісіп, балағат сөздер айтып, қорлап, жанжал көтеріп, үй-ішінің тыныштығын бұзған.

Жәбірленуші құқық бұзушыны кешіретінін, татуласқандықтарын көрсетіп, жауапкершіліктен босатуды сұрап сотқа өтініш түсірді.

Қызылорда қалалық №2 сотында семинар өтті

27/02/2017

Қызылорда қалалық №2 сотының бас маман-сот отырысының хатшысы Д.Серікқызының жүргізуімен сот мамандарының арасында «Сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио-бейнежазбаны сақтау және жою, аудио-бейнежазбаға қол жеткізу қағидалары» тақырыбында семинар сабақ ұйымдастырды. Шараға кеңсе меңгеруші мен сот мамандары қатысты.

Арал аудандық сотында «Ашық есік күні» өтеді

27/02/2017

27 ақпан 2017 жылы сағат 16:00-18:00 аралығында Арал аудандық сотында «Ашық есік күні» шарасы  өтеді.

«Ашық есік күні» шарасына азаматтар немесе заңды тұлғаның өкілдері қатысып, сот жұмысына немесе басқа да мәселелер бойынша өз сауалдарын қоя алады.

Қосымша ақпарат алу үшін (8-724-33) 2-42-28 телефон номіріне хабарласуға болады.