Архив событий

06/02/2017

Судьялар пікір алмасты

06/02/2017

Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында азаматтық істерді қарайтын судьялардың қатысумен семинар сабағы өтті.

Семинар жұмысына Қызылорда облыстық сотының, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары қатысты.

Іс-шараны облыстық соттың судьясы Гүлсім Танатова ашып, талқылауға ұсынылатын мәселелерге кеңінен тоқталды.

Облыстық сотта семинар-тренинг өтті

06/02/2017

Қызылорда облыстық сотында Аймақтық оқу орталығының ұйымдастыруымен семинар - тренинг өтті.

Шараға облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары қатысты.

Семинар жұмысының күн тәртібімен Қызылорда облыстық сотының судьясы Артур Наримов таныстырды.

Шара барысында Қызылорда облыстық сотының судьясы Сәбит Әбдіқанов өз баяндамасында «2016 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңын талқылады.

Хабарландыру, мемлекеттік қызметшілер арасында ішкі конкурс

06/02/2017

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін  қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты  аппаратының) Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі, 120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі №29, анықтама телефондары:

Қылмыстық сотта Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы талқыланды

06/02/2017

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судьялар мен сот қызметкерлері арасында 31.01.2017 жылғы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауы талқыланды.

Азаматтық іс бойынша брифинг өткізілді

06/02/2017

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында брифинг өткізілді.

Брифингті БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіруші судья Н.Еламанов жүргізді.

Атап айтқанда, талап қоюшы «Қ» ММ-сі сотқа берген талап арызында жауапкерлер «Б» ШҚ-нан артық төленген 571 392 теңгені, «К» ШҚ-нан артық төленген 4 361 600 теңгені, «Т» ШҚ-нан артық төленген 11 848 700 теңгені, «Ж» ЖШС-нен артық төленген 2 326 000 теңгені жалпы 19 107 692 теңгені мемлекет бюджетіне кері қайтаруды сұраған.

Телефон ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс тараптардың татуласуы бойынша тоқтатылды

06/02/2017

Арал аудандық сотында азамат А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы А. «Алматы-Маңғышлақ» бағытына қатынайтын жолаушылар поездының вагонының жолаушысы Ш-ның ұялы телефонын жасырын жымқырып, оған 89 980 теңге мүліктік залал келтірген.

Сотталушының қылмыстық әрекеті, іс құжаттарымен және сотта өзінің айыбын мойындап берген жауабымен толық дәлелденген.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізу қағидалары талқыға салынды

06/02/2017

Қызылорда мамандандырылған  әкімшілік сотының  қызметкерлері  арасында  Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылдың 30 желтоқсандағы № 404 Жарлығымен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізу қағидалары  бойынша  семинар  сабағы  өткізілді.

Кеңсе меңгерушісі А.Аблаева аттестаттаудың мақсаты «Б» корпусы қызметшілерінің кәсіби дайындық деңгейін және атқаратын лауазымдарына сәйкестігін айқындау болып табылатындығын атап көрсетті.

Ерлі-зайыптылар медиация тәртібі негізінде татуласты

06/02/2017

Сырдария аудандық сотында талапкер Л. мен жауапкер Б. екеуінің араларындағы некені бұзу туралы азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында тараптар медиация тәртібімен реттелген бітімгершілік келісімін бекіту туралы талап-тілек қойып, медиативтік келісімнің талаптары бойынша тараптар сотпен белгіленген мерзімде бір-бірімен татуласып, бір отбасы болып тұрып жатқандары анықталды.

Борышкерлерден ортақтасқан түрде несие қарызы өндірілді

06/02/2017

Жалағаш аудандық сотында талап қоюшы «KMF» ЖШС-нің жауапкерлерден несие қарыз сомасын және мемлекеттік баж өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, 20.05.2016 жылы «KMF» ЖШС-мен Б., С., А. арасында банктік кепіл шарты жасалған, осыған сәйкес жауапкерге 12 ай мерзімге, жылдық 41% мөлшерінде сыйақымен, 500 000 теңге несие берілген.

Банк өз тарапынан жауапкер алдында қойған міндеттерін толықтай орындаған, қарыз шартына сәйкес ақшаны берген.

Татуласуға байланысты әкімшілік іс қысқарды

06/02/2017

Шиелі аудандық сотында Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 73-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушы М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, құқық бұзушы М. өзінің тұрғын үйінде, заңды некедегі жұбайы жәбірленуші А-мен араларында болған келіспеушілік барысында, оған былапыт сөздер айтып, сыйламаушылық білдіріп, тұрғын үйінің заттарын бүлдіріп, тыныштығын бұзған.

Кәмелетке толмаған балаға темекі және алкоголь өнімін сатқан жеке кәсіпкерге айыппұл салынды

06/02/2017

Қазалы аудандық сотында азаматша Г-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, азаматша Г-ның өзінің азық-түлік дүкенінде кәмелетке толмаған  Н-ға бір қорап темекі мен алкогольдік өнімін сатқаны анықталды.

Сот қаулысымен азаматша Г.  Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 200-бабының 1-бөлігімен, 133-бабының 1-бөлігімен  құқық бұзушылық жасаған деп танылып, оған түпкілікті 181 520 теңге әкімшілік айыппұл салынып,  тиісті қызмет түріне лицензияның қолданысы 1 (бір) ай мерзімге уақытша тоқтатылды.

Медиация арқылы қылмыстық іс қысқартылды

06/02/2017

Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасы «Медиация Заңы» қолданылып қылмыстық іс өндірістен қысқартылды.

Іс құжаттарына сәйкес сотталушы Е. бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатында, көршісі Т-ның ұйықтап қалғанын пайдаланып, 15 000 теңге ақшасын жасырын жымқырып, оқиға болған жерден бой тасалаған.

Хабарландыру, жалпы конкурс

06/02/2017

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін  қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты  аппаратының) Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі, 120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі №29, анықтама телефондары: 8 (7242) 55-12-08, 55-12-09, факс: 55-12-03, e-mail:
724-0200@sud.kz,  «Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

Судьялар сот актілерінің бұзылу, өзгертілу негіздерін талқылады

06/02/2017

Шиелі аудандық сотының  2017 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарына сәйкес 2016 жылдың төртінші тоқсанында аудандық сотпен қаралып, жоғарғы саты соттарында бұзылған, өзгертілген сот актілеріне талдау жасалды.

Аталған талдау қорытындысы бойынша жасалған анықтама  аудандық сот судьяларының қатысуымен талқыланып, сот актілерін қабылдау барысында жіберілген кемшіліктер атап көрсетілді.

Қармақшы аудандық сотында қылмыстық іс бойынша брифинг өтті

06/02/2017

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өткен брифингті Қармақшы аудандық сотының төрағасы Қ.Абдуллаев жүргізді.

Шара барысында төраға Қ.Абдуллаев Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 24 бабының 3 бөлігі арқылы 214 бабының 2 бөлігінің 2 тармағымен қаралған  айыпталушылар А., Д., Д., Е. және Ә-ның қылмыстық іс бойынша мәлімет берді.

Қылмыстық теріс қылық

06/02/2017

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен азамат У-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Арал қаласында полиция қызметкерлерімен қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын жүргізу барысында, азамат У-дан қағазға оралған жасыл түсті зат табылып, заттай дәлелдеме ретінде алынған.

Сарапшы-маманның қорытындысына сәйкес, азамат У-дан айғақ зат ретінде алынған зат-есірткілік құрал болып табылады.