Архив событий

08/02/2017

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары тақырыбында семинар өткізілді

08/02/2017

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судьялар мен сот қызметкерлерінің қатысуымен «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар жұмысын сот төрағасы С.Сүлеймен ашып, кеңсе меңгерушісі Қ.Сарсенбаеваға сөз кезегін берді.

Жаңақорған аудандық сотында дөңгелек үстелі өтті

08/02/2017

Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастыруымен «Неке бұзу, заңды маңызы бар фактілерді анықтау тағыда басқа сол сияқты қаралған азаматтық істер бойынша шығарылған сот актілерінің орындалуы тәртібі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Жалағаш аудандық сотында семинар сабағы өтті

08/02/2017

Жалағаш аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Аян Алтынбаев «Мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиеттеріне қойылатын талаптар және еңбек тәртібі» тақырыбында семинар сабақ өткізді.

Семинар жұмысына кеңсе меңгерушісі Аян Алтынбаев және сот мамандары қатысты.

Рақымшылық заңы қолданылып жазадан босатылды

08/02/2017

Жаңақорған аудандық пробация қызметі сотқа сотталған К-ға «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 4-бабының 1-тармағының 4)-тармақшасын қолданып, жаза мерзімінің өтелмеген бөлігінің жартысын қысқарту  жайлы ұсыныс келтірген.

Сот орындаушының ұсынысы қанағаттандырылды

08/02/2017

Қармақшы аудандық сотында Қызылорда облысы әділет Департаментінің «Қармақшы  ауданының аумақтық бөлімінің» борышкер Б-ға іздеу жариялау жайлы ұсынысы қаралды.

Іс құжаттарынан анықталғаны, Қармақшы аудандық сотының 09.09.2015 жылғы сот бұйрығына сай борышкер Б., өндіріп алушы А-ның пайдасына ¼ бөлікте алимент өндіріліп, сот бұйрығы орындауға тіркелген.

Сот ұйғарымымен Қызылорда облысы әділет Департаментінің «Қармақшы  ауданының аумақтық бөлімінің» ұсынысы қанағаттандырылып, Б-ға іздеу жарияланды.

Арызданушы сотқа жүгіну арқылы еңбек өтілі фактісін анықтады

08/02/2017

Арал аудандық сотында азамат Б-ның заңдық маңызы бар еңбек өтілі фактісін анықтау жөніндегі арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, арызданушы 1996 – 2002 жылдар аралығында Арал вагон жөндеу зауытында көлік жүргізуші болып жұмыс жасаған, алайда, қазіргі уақытта аталған ұйымның болмауы себепті, еңбек өтілін растайтын құжаттарды алуға мүмкіншілігі болмай, еңбек өтілі фактісін анықтау туралы талабымен сотқа жүгінген. 

Дау медиация тәртібімен реттелді

08/02/2017

Шиелі аудандық  сотында неке бұзу туралы азаматтық ісі медиация тәртібімен шешілді.

Талап қоюшы К. мен жауапкер А. 2012 жылы неке құрып, ортақ некеден бір бала тәрбиелеп отырғанын, алайда ортақ түсіністіктің болмауынан некесі жараспағанын көрсеткен. Ортақ шаруашылықтың жүргізілмейтінін, ортақ мүлікті бөлу және балаларды тәрбиелеу туралы даудың жоқтығын ескеріп, некені бұзуды сұраған.