Архив событий

10/02/2017

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс бойынша (C-R-4 санаты) әңгімелесуге жіберілген үміткерлер тізімі

10/02/2017

2017 жылдың 10  ақпанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің Конкурстық комиссиясының бос және уақытша әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға үміткерлердің  құжаттарын  қарау және әңгімелесуге жіберу жөніндегі отырысы өтті.

Конкурстық  комиссияның шешімі бойынша әңгімелесуге жіберілген азаматтар тізімі:

«Медиация Заңының қолданылуы» тақырыбына брифинг өткізілді

10/02/2017

Шиелі аудандық сотында аудандық «Шарайна» газетінің тілшісінің қатысуымен «Медиация Заңының қолданылуы» тақырыбында брифинг өткізді.

Брифинг барысында сот төрағасы М.Еркінбеков жеке және заңды тұлғаларының қатысуымен азаматтық, еңбек, отбасылық және басқада құқықтық қатынастарының, қылмыстық іс жүргізу барысында медиацияның ерекшеліктері, медиация процедурасын өткізу тәртібі мен талаптарына түсіндірме берді.

Әкімшілік жауапкершілікке қайта тартылды

10/02/2017

Арал аудандық сотында азамат А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта анықталғандай, құқық бұзушы А. бір жыл ішінде осы тектес құқық бұзушылықтары үшін екі рет әкімшілік жазаға тартылған адам бола тұра, қоғамдық орында адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде қайта жүрген.

Сот қаулысымен құқық бұзушы А. ҚР ӘҚБтК-нің 440 бабының 4 бөлігімен кінәлі деп танылып, бір тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Қоғамдық орынды ластаған

10/02/2017

Қармақшы аудандық сотында құқық бұзушы Р-ға қатысты әкімшілік іс қаралып, онда құқық бұзушы Р., Қызылорда қаласы, Жеңіс көшесінің бойына темекі қалдығын белгіленбеген жерге тастап, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған.

Сот құқық бұзушы Р-ны Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танып, оған 15 883 тенге әкімшілік айыппұл салды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Әкімшілік іс медиация тәртібімен тоқтатылды

10/02/2017

Қазалы аудандық сотында азамат Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат Б.  өз үйінде әйелі А-ға  былапыт сөйлеп,  сыйламаушылық көрсетіп, отбасы-тұрмыстық  қарым-қатынастағы іс-әрекетін әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасаған.  

Сот қаулысымен азамат Б. әкімшілік жауаптылықтан босатылып,  Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен қозғалған іс,  жәбірленушімен  медиация арқылы бітімгершілікке келуіне  байланысты өндірістен тоқтатылды.

Шақырым көрсететін жол белгісіне соғып, мүліктік залал келтірген

10/02/2017

Арал аудандық сотында азамат К-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы К. автокөлігін басқарып келе жатып, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген қағидаларын сақтамай, жаяу жүргіншілер өткелінде орналасқан шақырым көрсететін жол белгісіне соғып,  соның нәтижесінде жәбірленуші «Арал қаласы әкімі аппараты» ММ-не мүліктік залал келтірген.

Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, іс құжаттарымен және оның кінәсін мойындаған жауабымен дәлелденген.

Сот қаулысымен әкімшілік жауаптылықтан босатылды

10/02/2017

Қазалы аудандық сотында азаматша Н-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азаматша Н. көршісі У-ге  былапыт сөздер айтып, ар-намысына тиіп, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзған деген негізбен ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық  бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Сот отырысында азаматша Н-ның әрекетінде ұсақ бұзақылықтың құрамы жоқ екендігі дәлелденді.

Дау «Медиация» тәртібімен реттелді

10/02/2017

Талапкер О. Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына талап арыз беріп, онда жауапкер Е-мен жақын қарым-қатынаста болғанын, араларында ортақ кәмелетке толмаған А. есімді қызы бар екенін, алайда жауапкер оған қатысты әкелігін мойындамайтынын, оның бағып қағуына материалды көмек көрсетпейтінін көрсетіп, кәмелетке толмаған қызына  қатысты  әкелікті  анықтап,  алимент  өндіруді  сұраған.

Қоғамдық орында ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыппұл салынды

10/02/2017

Қазалы аудандық сотында азамат С-ға қатысты әкімшілік  іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат С. емхана ішінде алкогольді масаю күйінде былапыт сөздер айтып, қоғамдық орында төңірегіндегілерге сыйламаушылық танытып, ұсақ бұзақылық жасаған.

Сот қаулысымен азамат С. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 22690 теңге айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне  енбеген.