Архив событий

17/02/2017

Сырдария аудандық сотында брифинг өткізілді

17/02/2017

Сырдария аудандық сотында жергілікті «Тіршілік тынысы» газетінің тілшісі Е.Беркінбайұлының қатысуымен брифинг өткізілді.    

Брифингте аудандық соттың судьясы Ж.Жолдасов Қазақстан Республикасы ҚК-нің 345 бабының 4 бөлігімен сотталушы С-ның қылмыстық ісі бойынша ақпарат берді.

Байқоңыр қалалық сотында дөңгелек үстел өтті

17/02/2017

Байқоңыр қалалық сотында «Даулардың жекелеген санаттары бойынша медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ережені талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел  өтті. Дөңгелек үстелге қалалық соттың судьялары, Төретам және Ақай әкімшілігінің мамандары, кәсіпқой медиатор, Төретам желілік полиция бөлімінің басшысы және Байқоңыр қалалық прокуратурасының прокуроры қатысты.

«Оңалту және банкроттық заңының қолданылуы» тақырыбында брифинг өткізілді

17/02/2017

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Оңалту және банкроттық заңының қолданылуы» тақырыбында жергілікті баспасөз өкілдерінің  қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифингті осы соттың судьясы Н.Еламанов жүргізді.

Қармақшы аудандық сотында «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ережесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

17/02/2017

Шараға сот төрағасы Қ.Абдуллаев, судья Л.Алибекова, кәсіби емес медиаторлар және аудандық сот қызметкерлері қатысты.

Өз баяндамасында судья Л.Алибекова Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне және «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленгенін және оның мақсаттарын, міндеттерін, тәртібін анықтайтындығын атап өтті.

Шиелі аудандық сотында «Мемлекеттік тілді қолдану» тақырыбында дөнгелек үстел өтті

17/02/2017

Шиелі аудандық сотында «Мемлекеттік тілді қолдану» тақырыбында судьялардың, прокуратура өкілдері және адвокаттар, аудандық мәдениет бөлімінің өкілдерінің  қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Сот төрағасы өткізіліп отырған шара көкейтестi мәселе болып табылатынын, тiл - коммуникативтiк қызметті атқаратын қоғамның басты сипаттамаларының бiрi деді. Бүгiнгi күні мемлекеттiк тiлдi қолдану және дамыту абыройлы iс болып табылатынын, тіл - ең маңызды қоғамдық және саяси басымдылықтардың бірі екенін атап өтті.

Қылмыстық сотта «Ашық есік күні» өткізіледі

17/02/2017

2017 жылы ақпан айының 20 жұлдызында сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29 мекен жайда орналасқан Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында «Ашық есік күні» өткізілетіндігі хабарланады.

Қосымша мәліметтерді 55-97-68 телефоны және 724-2060@sud.kz  электрондық почта арқылы алуға болады.

Сонымен қатар, сотта 55-97-68 сенім телефоны жұмыс жасайды.

Құқық бұзушылықтың құрамы болмауына байланысты іс тоқтатылды

17/02/2017

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлігімен Тәжікстан Республикасының азаматы Ю-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат Ю. Қазақстан Республикасына өтіп, ел аумағынан транзиттік өту ережесін сақтамай, ішкі істер бөлімінде тіркеусіз Қазақстан Республикасында 9 тәуліктен аса уақыт болып, Қазақстан Республикасының халықтық көші-қон саласындағы заңнамасын бұзды деп, «Самара-Шымкент» тас жолында оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.  

Ата-аналардың өз балаларын оқыту міндеттерін орындамауы

17/02/2017

Жалағаш аудандық сотының қаулысымен Н. өзінің ұлын оқыту жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Жалағаш агро-индустриялды колледжінің студенті 2016 жылдың қараша, желтоқсан айлары, 2017 жылдың ақпан айының 4 күні аралығында белгіссіз себептермен сабақтан қалған. Осы дерек бойынша оның анасына қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 1-бөлігімен хаттама толтырылып, әкімшілік іс қозғалған.

Қоғамдық орында адамдарды мазалағаны үшін шетелдік азаматқа жаза тағайындалды

17/02/2017

Қазалы аудандық сотында азамат Б-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында, Әйтеке би кентіндегі орталық базарда  адамдарға тиісу фактісі анықталған, яғни, қоғамдық орында заттарды өзгеше тәсілмен сату мақсатында кәсіпкерлік субьектісі болып табылмайтын Өзбекстан Республикасының азаматы Б. адамдарға тиісіп, мазалап өтініш білдіру сипатындағы құқық бұзушылықты жасаған.

Талап қою мерзімі өтуіне байланысты берешек соманы өндіруден бас тартылды

17/02/2017

«Finance» Арнайы қаржы компаниясы» ЖШС-і жауапкер Б-дан заем шарты бойынша берешекті өндіру туралы талап арызымен Жалағаш аудандық сотына жүгінген.

Талапкер арызда, 2007 жылы «Альянс Банк» АҚ-ы мен жауапкер Б. арасында несие шартын жасап, жауапкерге 36 айға 280 095 теңге несие берілген.

Жауапкер Б. шарт талаптарын орындамай несиені төлемеген.

29.07.2011 жылғы Факторинг шарты бойынша «Finance» Арнайы қаржы компаниясы» ЖШС-і цессионарий құқығы мен міндеттерін қабылдағанын.

Сот актісін орындамағаны үшін сот әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады

17/02/2017

Арал аудандық сотында азамат К-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат К. Арал аудандық сотының 2013 жылғы сот бұйрығымен өндіріп алушы Т-ның пайдасына алимент төлеуге міндеттеген. Борышкерге сот орындаушысымен бірнеше мәрте сот актісін орындау жөнінде ескертулер берілгенімен, сот актісін орындамаған. Нәтижесінде, борышкердің бүгінгі күнге алиментке қарызы 1 926 861 теңгені құраған.

Атыс қаруының оғын заңсыз иемденіп, тасымалдағаны үшін жаза тағайындалды

17/02/2017

Байқоңыр қалалық соты азамат Т-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Қылмыстық іс материалдары бойынша сотталушы Т. 1943 жылғы үлгідегі, болат өзекті оғы бар, АКМ, АКСМ автоматтар түрімен, сондай-ақ РПК, РПКС жеңіл пулеметтарымен ату кезінде тірі күш пен жарылғыш құралдарды жоюға арналған, атуға жарамды 19 потронды қасақана өз пәтерінде сақтаған.