Сотпен азаматқа келген шығын сомасы өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жалағаш аудандық соты талап қоюшы Г. жол-көлік оқиғасымен келтірілген моральдық, материалдық шығын өндіру туралы талап арызын қарады.

Талап қоюшы сотқа моральдық, материалдық шығын өндіру туралы талап арызымен жүгінген себебі, қызына жол-көлік оқиғасы салдарынан денсаулығына «жеңіл» дәрежелі айтарлықтай зиян келген.

Сотпен анықталғаны, жауапкер Т. өзінің басқаруындағы автокөлігімен Абай көшесінде велосипедпен кетіп бара жатқан талап қоюшының қызын жол-көлік ережесін сақтамай абайсызда қағып кеткен, осының салдарынан жәбірленуші басынан соққы алып, денсаулығына «жеңіл» дәрежелі айтарлықтай зиян келген.

Сот шешімімен талап қоюшы Г. талап арызы ішінара қанағаттандырылды.

Қайнар: 
Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі