Судьялар халықаралық шарттардың нормаларын қолдану мәселелерін талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шиелі  аудандық сотының судьялары арасында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 10 шілдедегі «Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын қолдану туралы» нормативтік қаулысын талқылау бойынша семинар сабағы өткізілді.

Семинар барысында аудандық сот судьясы А.Тубекбаева Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының халықаралық шарттардың нормаларын қолдану мәселелері бойынша баяндама жасады.

Ол өз сөзінде Біріккен Ұлттар ұйымының халықаралық институттарымен соттардың адамдардың құқығы бойынша халықаралық шарттарды қолдану мәселелеріне, сот шешімдерінде тиісті халықаралық актілерге сілтеме жасалуына және ондай шешімдердің статистикалық мәліметтеріне айрықша назар аударылып отырғанын атап өтті.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының адамдардың, оның ішінде әйел адамдардың құқығын қорғау, оған кепілдік беруге бағытталған  мысалы «Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы» 18.12.1979 жылғы Конвенцияның, «Азаматтық және саяси құқықтар туралы» халықаралық пактінің т.б.  бірқатар халықаралық шарттардың қатысушысы болып табылатынына тоқталды.

Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын қолдану мүмкіндігі туралы мәселені шешкен кезде, соттар Қазақстан Республикасының халықаралық шарты онда көрсетілген немесе халықаралық шарттарға қатысушылардың арасында келісілген тәртіпте және мерзімде күшіне енетінін негізге алуы тиіс екенін атап өтті.

Тікелей қолданылатын және оларды қолдану үшін заңдар шығарылуы талап етілмейтін ратификацияланған халықаралық шарттар, істерді шешкен кезде материалдық (қылмыстық-құқықтық және әкімшілік-құқықтық қатынастарды қоспағанда) немесе іс жүргізу құқығы нормалары ретінде қолданылатынына,атап айтқанда: егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасындағы ережелерден өзге ережелер белгіленсе, азаматтық істерді қараған кезде; егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен Қазақстан Республикасының АПК немесе ҚПК-де белгіленген сот ісін жүргізудің ережелерінен өзге ережелер белгіленсе, азаматтық және қылмыстық істерді қараған кезде; егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен шетелдік соттардың жекелеген іс жүргізу әрекеттерін жүргізу жөніндегі тапсырмалары туралы, шетелдік соттар мен арбитраждардың шешімдерін орындау туралы қатынастар, оның ішінде шетелдік тұлғалардың қатысуымен  болған қатынастар, қылмыс жасады деп айыпталған немесе шетел меклекетінің соты соттаған тұлғаларды Қазақстан Республикасы ҚПК-нің талаптарына сәйкес беру туралы шешімдерге шағымдар реттелсе, азаматтық және қылмыстық істерді қараған кезде; егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамада қарастырылғаннан басқа сот ісін жүргізудің ережелері белгіленсе, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қараған кезде қолданылатынын атап өтті.

Шара барысында судьялар аудандық сот өндірісінде азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істерді қарау барысында Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын қолдану аясын кеңейту, аталған нормаларды дұрыс және біркелкі қолдануды қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Қайнар: 
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі