Сот әкімшілік айыппұл салу жазасын тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жалағаш аудандық сотымен құқық бұзушы Б. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы өзінің басқаруындағы автокөлігімен Жалағаш ауданы, Мәдениет ауылы, 8-март көшесінде орналасқан Жалағаш аудандық электр торабының теңгеріміндегі электр бағанасына соғып, жол көлік оқиғасын жасаған.

Сотта Б. кінәсін мойындайтынын, автокөлігімен жарық беру бағанасына соққанын, қазіргі уақытта келтірген мүліктіктік залалды қалпына келтіргенін көрсетті.       

Сот қаулысымен құқық бұзушы Б. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 10 АЕК мөлшерінде, яғни 22 690 теңге айыппұл тағайындалды.

Қайнар: 
Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі