Автокөлікті ашық түрде жымқырған азаматқа пробациялық бақылау белгіленді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қалалық №2 сотында азамат А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, анықталғандай, азамат А. автокөлік жуу орталығының алдында жәбірленуші М-ның жанына сыбайластарымен бірге барып, өлтіремін деп қорқытып, автокөлігін ашық түрде жымқырған.

Жәбірленуші М. сотқа берген арызында сотталушыға кешірім бергенін,мүліктік залал  қалпына келгенін көрсеткен.

Сот үкімімен сотталушы А. ҚР ҚК-нің 191-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, ҚР ҚК-нің 63-бабын қолданып, тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасын шартты деп санап, оған тағайындалған бас бостандығынан шартты түрде айырудың барлық 5 жыл мерзіміне пробациялық бақылау белгіленді.

Қайнар: 
Қызылорда қалалық №2 сотының баспасөз қызметі