Соттың шешімімен тұрғын үйге меншік құқығы танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазалы аудандық сотында арызданушы С-ның иелену мерзімі бойынша тұрғын үйге меншік құқығын тануды сұраған азаматтық ісі қаралды.                                         

Іс-құжаттарына сәйкес, арызданушы С. сотқа талап-арызбен жүгініп, онда, Әйтеке би кенті, Желтоқсан көшесіндегі үйді  2003 жылдан бастап 14-жыл бойы иеленіп келетінін, осы күнге дейін аталған үйге иелік етіп, оны күтiп ұстау ауыртпалығын көтеріп келетінін, өзін осы үйдің меншік иесі болдым деп есептейтінін, ол пәтерге басқа ешкімнің меншік құқы тіркелмегенін, үйдің құқық белгілеуші құжаттары болмағанын, сондықтан осы үйге иелену мерзімі бойынша меншік құқығын тануды сұраған.

Соттың  шешімімен арызданушы С-ның иелену мерзімі бойынша тұрғын үйге меншік құқығын тануды сұраған талап-арызы қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі