Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту жөнінде дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен Қызылорда облысы бойынша соттардың мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту жөніндегі 2017 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, мемлекеттік мекемелер мен құқық қорғау органдарының өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік тілді қолдану аясы тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьялары, Қызылорда облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің Әскери полиция қызметкерлері, Қызылорда облысы бойынша Сот сараптама институтының сарапшы мамандары қатысты.

Қазақстан Республикасының Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты - Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты.

Дөңгелек устелге қатысушылар мемлекеттік тілдердің қолданылу аясын кеңейтуге қолдау білдіріліп, жан-жақты пікірлермен алмасты.

Источник: 
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі