Мектеп оқушыларымен кездесу өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі М.Асанова Қызылорда қаласының №176 орта мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.

Шара барысында мектеп оқушылары қызығушылық танытып, көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, олардың заңды құқықтармен мен міндеттері туралы сұрады.

М.Асанова өз кезегінде барлық сұрақтарға жауап қайтарып, тәуелсіз Қазақстанның сот жүйесі, онда  жүргізіліп жатырған реформалар, соттарда қолданылатын  ақпараттық технологиялар жайында және көптеген  жаңа ақпараттармен бөлісті.

Кездесу соңында М.Асанова мектеп оқушыларына алғыс айтып, заң бұзушылықтарға жол бермеуге шақырды.

Қайнар: 
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі