Атасынан немересіне алимент өндіруді сұраған талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазалы аудандық сотында талап қоюшы Г-ның жауапкер Т-дан немересін күтіп-бағу үшін алимент өндіруді сұраған азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы Г. талап арызында –азамат А-мен  отбасын құрып, 2007 жылы Ә. есімді балалы болғандарын. 2010 жылы Қазалы аудандық сотының шешімімен некесі бұзылып, баласы өзінің тәрбиесінде қалғанын және баласы  18 жасқа толғанша алимент өндіру жөнінде сот бұйрығы шыққанын көрсеткен. Алайда, А. алимент төлеуден жалтарып жүргендіктен,  баласының атасы Т-дан немересін күтіп-бағу үшін өзінің пайдасына ай-сайын 20 АЕК мөлшерінде алимент өндіруді сұраған.

Басты сот талқылауында талап қоюшы жауапкердің алимент төлеуге қажетті қаражаты бар екеніне өз дәлелін келтірмеді.

Соттың шешімімен талап қоюшы Г-ның талап арызы қанағаттандырылудан бас тартылды.

Шешім заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі