Аудандық сотта «Ашық есік күні» өтеді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазалы  аудандық сотында 2017 жылдың 27 ақпан күні сағат 10:00 мен 12:00 аралығында «Ашық есік күні» өтеді.

«Ашық есік күніне» кез-келген азамат немесе заңды тұлғаның өкілі қатысып, сот жұмысына немесе басқа да мәселелер бойынша сауалдарын қоя алады.

Іс-шараның өткізілу мақсаты азаматтардың құқықтық мәдениетін және сот төрелігінің деңгейін арттыру болып табылады.

Қатысушылар қосымша ақпарат алу үшін 8(72438) 24-4-50 номеріне хабарласуына немесе Қызылорда облысы, Қазалы  ауданы, Әйтеке би кенті, Жанқожа көшесі 96 мекен-жайынан ақпарат алуына болады.

Қайнар: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі