«Гендерлік саясаттың қоғамдағы орны» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйымдастыруымен сот қызметкерлері арасында «Гендерлік саясаттың қоғамдағы орны» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Іс-шараны кеңсе меңгерушісі А.Әбілқасымқызы ашып, сөз кезегін баянадамашыға берді.

Семинар барысында бас маман А.Сырымбетова ұлттық гендерлік саясат біздің еліміздің демократиялық процесінің маңызды негізі болып табылатындығын, гендерлік теңдік стратегиясы ер азаматтар мен әйел адамдардың билік құрылымдарындағы қызметті тең басқаруға, экономикалық тәуелсіздік үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге, бизнесті дамытуға, қызмет бабында көтерілуге және отбасында құқықтар мен міндеттерді бірдей жүзеге асыруға бағытталғанын айтты.

Семинар соңында қатысушылар баяндаманы талқылап, қорытындылар жасап,  мәселе төңірегінде толғандырған сұрақтарға  жауап алды.

Қайнар: 
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі