«Ашық есік күні» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті студенттерінің қатысуымен «Ашық есік күні» өтті.

Іс-шара барысында студенттер сот отырыстарының мәжіліс залдарында болып, «Төрелік» ақпараттық жүйесімен, «Сот кабинеті» сервисімен танысты.

Сот төрағасы М.Ибрашев студенттермен әңгімелесіп, сот процестерінде аудио-бейне жазбалардың қолданылуы және ақпараттық киоскілердің жұмыстарының тәртібі туралы түсіндірді.

Сот қызметі туралы әңгіме барысында студенттер өздерін қызықтыратын әкімшілік істердің қаралуы тәртіптері мен мерзімдері және электрондық түрдегі құжаттарды беру туралы сұрақтарын қойды. Қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

Қайнар: 
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі