Қылмыстық іс тараптардың татуласуы бойынша тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында азамат Р-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы Р. «Атырау-Алматы» бағытына қатынайтын жолаушылар поездының вагонының жолаушысы К- ұялы телефонын жасырын жымқырып, оған 72 000 теңге мүліктік залал келтірген.

Сотталушының қылмыстық әрекеті, іс құжаттарымен және сотта өзінің айыбын мойындап берген жауабымен толық дәлелденген.

Сотқа жәбірленуші К. келтірілген мүліктік залалдың толық қалпына келтірілгенін, сондықтан, қылмыстық істі тоқтатуды сұрап өтініш білдірген.

Осының негізінде, сотталушы Р. қылмыстық кодексінің 68 бабының 1 бөлігінің талабына сай, жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі