Қазалы аудандық сотында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазалы аудандық сотында сот кеңсесі қызметкерлерінің қатысуымен «Интернет модульдермен, фото-бейне камералармен  жабдықталған  мобильді  құралдарды  мемлекеттік органдардың  ғимаратына  алып кіруге тосқауыл қою»  тақырыбында семинар  сабағы өткізілді.

Аудандық соттың аға сот приставы А.Мусаев өз баяндамасында  мемлекеттік органдарда ұялы телефондарды қолдануға тыйым салынғандығын атап өтті. Сондай-ақ  2016 жылдың 30-шы наурызында күшіне енген ереже мемлекеттік қызметшілер,  жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдеріне  ортақ. Ғаламтор ресурстарына кіруге мүмкіндігі бар, фото және видеоға түсіру қызметі бар құрылғыларды пайдалануға рұқсат жоқ.  Қазіргі уақытта аудандық сотта кіреберісте смартфон сақтауға арналған арнайы жәшіктер орнатылғандығын айтты.

Шараны кеңсе меңгерушісінің міндетін атқарушы А.Қазыбеков қорытындылай келе, қызметкерлерге ұялы телефонға қатысты шектеулерді бұлжытпай сақтауды ескертті.

Қайнар: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі