Медиация рәсімдерін қолдану

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тараптар сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхат беруге құқылы. Бірінші сатыдағы сотта медиацияны өткізу үшін іс басқа судьяға беріледі. Тараптардың өтінішхаты бойынша медиацияны іс жүргізуінде іс жатқан судья өткізуі мүмкін. Медиацияны апелляциялық сатыдағы сотта өткізу үшін іс, әдетте, соттың алқалы құрамындағы судьялардың біріне беріледі. Медиация сотта «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексте белгіленген ерекшеліктерге сәйкес өткізіледі.

Сотта медиацияны өткізу хаттамасы жүргізілмейді.

Егер дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім сот актісін орындау сатысында жасалса, ол сот актісінің орындалатын орны бойынша бірінші сатыдағы сотқа немесе көрсетілген сот актісін қабылдаған сотқа бекітуге ұсынылады.

2017 жылдың 2 айында Қызылорда қалалық соты  2437 азаматтық іспен материал қарады, оның ішінде  азаматтық іс дауды (жанжалды) 25 медиация тәртібімен, ал 3 іс татуласу келісімін реттеумен қаралды.

Қайнар: 
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі