Сотта тараптар медиативтік келісімге келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жалағаш аудандық сотында ҚР ӘҚбҚ-нің 73-бабы 1-бөлігімен құқық бұзушылық жасаған азамат Ж-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат Ж. үйінде анасына отбасылық-тұрмыстық жанжал, дау кезінде ол өзін агрессивті ұстап, ескертуге мән бермей, анасының намысына келетін сөздер айтқан.

Сот мәжілісінде азамат Ж. өзінің кінәсін мойындап, яғни масаң күйінде болғанын, анасына балағат сөздер айтқанын, сонымен қоса әкімшілік құқық бұзғанын айтты.

Сот талқылауы барысында, жәбірленуші мен құқық бұзушы медиациялық келісімге келіп, соттан осы келісімді бекітуді және әкімшілік істі өндірістен тоқтатуды сұрады.

Сот, іс бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін бекітіп, әкімшілік істі өндірістен қысқартты.

Қайнар: 
Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі