Гендерлік теңдік стратегиясы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сырдария аудандық  сотында «Гендерлік теңдік стратегиясы» тақырыбында  дөңгелек  үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына сот төрағасы А.Абдулла, судья Ж.Жолдасов және кеңсе мамандары қатысты.

Сот төрағасы өз баяндамасында ер және әйел адамдардың құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігіне қол жеткізу жөніндегі міндеттердің шешілуін көздейді. Қазақстан Республикасында Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру әйелдер мен ерлердің өздерінің өмір сүру құқықтарын жынысқа байланысты кемсітусіз іске асыруы үшін жағдай жасауға ықпал ететін болады.  Гендерлік теңдік – бұл ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын, сондай-ақ олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым қатынасты айқындайтын, әлеуметтік және мәдени нормалары мен рөлдерінің жиынтығы екендігін атап өтті.

Елбасының Жарлығымен бекітілген Гендерлік теңдік стратегиясы ер азаматтар мен әйел адамдардың билік құрылымдарындағы қызметті тең басқаруға, экономикалық тәуелсіздік үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге, бизнесті дамытуға, қызмет бабында көтерілуге және отбасында құқықтар мен міндеттерді бірдей жүзеге асыруға бағытталған.

Дөңгелек үстелге қатысушылар  әйел адамдардың отбасылық–тұрмыстағы зорлық, сондай ақ неке бұзу және алимент өндіріп алу туралы істер бойынша құқықтарын қорғау тақырыптарын талқылады.

Қайнар: 
Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі