Қармақшы аудандық сотында «Ашық есік күні» іс шарасы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шараға келген азаматтарды аудандық соттың төрағасы  Қ.Абдуллаев қабылдады.

«Ашық есік күні» шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізіледі. Сонымен бірге жергілікті халықты ақпаратпен қамтамасыз ету, сот билігінің беделін, ашықтығы мен жариялығын арттыру, БАҚ өкілдерімен азаматтардың сауалдарына жауап беру, жемқорлықтың алдын алу болып табылады.

«Ашық есік күніне» келген аудан тұрғындары Б.Жұмағалиев пен О.Жақанбаевалардан алимент өндіру туралы сот шешімдерінің орындалмай созбалаңға салынуы жөнінде қойған сауалдарына сот төрағасы жауап берді.
 

Қайнар: 
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі