Архив событий

24/05/2016

Судьялар Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінің оқытушылары және студенттерімен кездесті

24/05/2016

Қызылорда қалалық сотымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толу мерекесі қарсаңында бірнеше іс-шаралар өткізу жоспарланған.

Жоспар бойынша қала төңірегіндегі оқу орындарының оқытушылары мен студенттері арасында оқу орнына бара отырып,  әңгімелесу өткізу қарастырылды.

«Ашық есік күні» өткізілді

24/05/2016

Арал аудандық сотында 23 мамыр 2016 жылы «Ашық есік күні» шарасы өткізілді.

Дәстүрлі шара аясында қабылдауға келген азаматтарды аудандық соттың төрағасы Е.Тұрбаев қабылдады.

Шара барысында сот төрағасының қабылдауында Арал қаласының тұрғыны Ш.Мүстажапова болып, алажақ ақша өндіру мәселесіне қатысты туындаған сауалдарын қойды.

Қойылған сауалдарға сот төрағасымен заң тұрғысынан тұжырымды жауаптар берілді.

Қызылорда қалалық сотында «Заңсыз пайдаланылып жатырған жер телімдеріне меншік құқығын тану туралы істердің қаралуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

24/05/2016

Қызылорда қалалық сотында сот төрағасы А.Бабатовтың, судьялардың және қала әкімінің орынбасары Қ.Д.Ансатбаевтың, қала прокурорының орынбасары Е.Қ.Әжібековтің, жер пайдалануды бақылаушы мемлекеттік орган мамандарының қатысуымен «Заңсыз пайдаланылып жатырған жер телімдеріне меншік құқығын тану туралы істердің қаралуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Сот мамандарымен семинар өткізілді

24/05/2016

Шиелі аудандық сотында «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі»  тақырыбына  семинар сабақ  өткізілді. Семинарға  кеңсе меңгерушісі М.Жусупбекова  және  сот  мамандары  қатысты.

Рұқсатсыз құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізген

24/05/2016

Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген тексеру нәтижесімен, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесінде орналасқан  дүкенге қосымша құрылыс салу объектісі бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіле басталғанға дейін кемінде он жұмыс күні бұрын мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органға берілетін хабарламасыз (рұқсатсыз) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге жол бергені анықталған.

Сот актілерін орындау сұрақтары бойынша дөңгелек үстел өтті

24/05/2016

Сырдария аудандық сотында 23 мамыр 2016 жылы прокуратура, әділет басқармасы өкілдері және Сырдария аудандық мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының қатысуларымен «Сот актілерін орындау мәселелері» тақырыбында  дөңгелек  үстел  өтті.

Дөңгелек үстелде әкімшілік, қылмыстық және азаматтық істер бойынша мемлекет пайдасына өндіріп алу туралы сот актілерін орындау жайында сұрақтар талқыланды.

Отырыс қатысуышылары аталған тақырыптарды талқылауға белсенді қатысты.

Көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмер белгісін тағып, автокөлік басқарған

24/05/2016

Құқық бұзушы П. “Toyota Camry” маркалы автокөлігіне көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін тағып, көлік құралын Қызылорда қаласы, Саламатов көшесі бойында басқарып, ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Құқық бұзушы П.  ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып,  20  айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 42420 теңге айыппұл салынды. 

Сот жүргізушіге көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін жаза тағайындады

24/05/2016

Қармақшы  аудандық соты азамат Н-ға  қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, азамат Н. алкогольдік масаң күйде автокөлік құралын басқарып, Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлімнің 4-тармағының 2-тармақшасының талаптарын бұзып, осы іс-әрекетімен жол қозғалысына қауіп төндіргені анықталған.

Қайыршылық жасаумен айналысқан

24/05/2016

Құқық бұзушы Өзбекстан Республикасының азаматшасы З. Қызылорда қаласына 02.05.2016 жылы жеке шаруасымен келіп, алайда шетел азаматының Қазақстан Республикасының аумағында болу қағидаларын бұзып, Қызылорда қаласының Қорқыт Ата көшесінің бойында қайыршылық сұрап, мазалап өтініш білдіріп кетіп бара жатқан жерінен полиция қызметкерлері оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Тараптардың татуласуына байланысты іс қысқартылды

24/05/2016

Арал аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабының 1 бөлігімен азамат А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы А., 25 сәуір 2016 жылы өз үйінде жанжал шығарып, әйелі С-ға балағат сөздер айтып, жанұя шырқын бұзып, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасаған.

Сот отырысында жәбірленуші С. құқық бұзушыға кешірім беретінін айтып, өзара татуласуларына байланысты әкімшілік істі қысқартуды сұраған.

Сотталушының өтінішхаты қанағаттандырылды

24/05/2016

Шиелі аудандық сотымен жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен  ауыстыру  туралы  өтінішхат  қаралды.

Алматы облысы Саркан аудандық сотының үкімімен сотталушы Д. Қазақстан Республикасының  ҚК-нің  190-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 1 жылға  бас  бостандығынан  айыруға, жазасын  қоныс  колониясында  өтеуге  жаза  тағайындалған.