Қайыршылық жасаумен айналысқан

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Құқық бұзушы Өзбекстан Республикасының азаматшасы З. Қызылорда қаласына 02.05.2016 жылы жеке шаруасымен келіп, алайда шетел азаматының Қазақстан Республикасының аумағында болу қағидаларын бұзып, Қызылорда қаласының Қорқыт Ата көшесінің бойында қайыршылық сұрап, мазалап өтініш білдіріп кетіп бара жатқан жерінен полиция қызметкерлері оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Құқық бұзушы З. ҚР ӘҚБтК-нің  449-бабының 3-бөлігімен  кінәлі деп  танылып, 1 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды және қаулы заңды күшіне енген соң 3 тәулік мерзім ішінде Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарылып жіберілді.

Қайнар: 
Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі