Архив событий

27/05/2016

Ювеналды сотының судьясы Қызылорда облысының прокуратурасында өткен шараға қатысты

27/05/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қ.Бержанов Қызылорда облысының прокуратурасында өткен шараға қатысты.

Іс-шараға, сондай-ақ, мемлекеттік және жеке сот орындаушылар, Қызылорда облыстық салық басқармасының өкілі, жергілікті полицияның бөлім басшылары  қатысты.

Шиелі ауданында әкімшілік заңнамаларды қолдану барысында семинар-кеңес өткізілді

27/05/2016

Шиелі аудандық сотының ұйымдастыруымен Шиелі аудандық  ішкі істер бөлімінде көшпелі семинар өткізілді. Іс-шараға аудандық сотының төрағасы М.Еркінбеков, судья А.Тубекбаева,   аудан  прокуроры  Х.Жұмағұлова,  аудандық  ішкі  істер  бөлімінің қызметкерлері   және  жергілікті  БАҚ  өкілдері  қатысты.

Қызылорда қалалық сотында талқылау өтті

27/05/2016

Қызылорда қалалық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2016 жылғы 28сәуірдегі № 6001-16-7-4/87 өкімімен бекітілген «Қазақстан Республикасы соттарының бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл тұжырымдамасын» талқылау өтті.

Тұжырымдама сот органдарының қызметін объективті және кәсіби негізде ақпараттық сүйемелдеу мақсатында әзірленді, бұл өз кезегінде халықтың сотқа деген сенімін және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал ететіндігі айтылды.

Аудандық сотының судьялары колледж оқушыларымен кездесті

27/05/2016

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесін тойлау қарсаңында  Шиелі  аудандық сотының судьялары  А.Тубекбаева, А.Жолдыбаев  Шиелі индустриалды  аграрлық  колледж  оқушыларымен  кездесу  өткізілді.

Суық қаруды заңсыз алып жүргені үшін айыппұл салынды

27/05/2016

Қазалы аудандық сотында ҚР ҚК-нің 287-бабының 1-бөлігімен қылмыстық теріс қылық нысанындағы сотталушы Б-ға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотталушы Б. 04.04.2016 жылы сағат 19.00-дер шамасында Қазалы ауданы, Қожабақы ауылында мал жайылымында ағаштан жасалған суық қаруға жататын аңшы пышағын заңсыз алып жүріп, ҚР ҚК-нің 287-бабының 1-бөлігінде қаралған қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған.

Қажетті қорғану шегінен шығу кезінде жасалған қылмыс

27/05/2016

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен айыпталған (адам өлтіру) 45 жастағы сотталушы Асанов Куанышбекке қатысты қылмыстық ісін қарап, оның әрекетін Қазақстан Республикасы ҚК-нің 102 бабымен қажетті қорғану шегінен шығып адам өлтірген деп саралады.

Ювеналды сотының судьясы «Сыр ұландары» алтернативты сот әділдігі орталығында болды

27/05/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қ.Бержанов «Сыр ұландары» алтернативты сот әділдігі орталығында өткен дөңгелек үстелге қатысты.

Аталған шараға, сондай-ақ Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Б.А.Сайлыбаев, ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Ю.В.Оксамитного, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Ш.Альназарова қатысты.

Назарларыңызға! «Ашық есік күні» өткізілетінін хабарлаймыз

27/05/2016

Қызылорда облыстық сотының жоспарына сәйкес, 2016 жылдың 1 маусымында, сағат 16:00-ден 18:00 аралығында Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында осы соттың төрағасы мен судьяларының қатысуымен кезекті «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілетінін хабарлаймыз.

«Ашық есік күні» іс-шарасына кез-келген тілек білдіруші азаматтар қатысып өзінің сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері бар.

 Іс-шараның өткізілу мақсаты азаматтардың құқықтық мәдениетін және сот төрелігінің деңгейін арттыру болып табылады.

Ұрлық оқиғасы тараптардың татуласуымен тоқтатылды

27/05/2016

Қазалы аудандық сотында ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен айыпталған Б-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы Б., бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатында 30.04.2016 жылы сағат 19.30-дар шамасында Қазалы ауданы, Қожабақы ауылында өрісте жүрген жәбірленуші Б-ның құны 30000 тенге тұратын бір бас қойын жасырын жымқырып, жәбірленушіге мүліктік залал келтіріп, ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігінде қаралған қылмысты жасаған.

«Сот ғимаратындағы рұқсатнама режимі мен тәртіптің сақталуы» тақырыбында семинар өткізілді

27/05/2016

Шиелі аудандық сотында «Сот ғимаратындағы рұқсатнама режимі мен тәртіптің  сақталуы» тақырыбында сот қызметкерлері мен  МКҚБ Мемлекеттік мекемесінің Шиелі  ауданының қызметкерлері арасында семинар сабағы өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – аудандық сотта ішкі қауіпсіздік ережелерін үнемі сақтау және сыбайлас жемқорлықтың  алдын  алу.

Сырдария аудандық соты « Ашық есік күнін» өткізеді

27/05/2016

Қызылорда  облыстық  сотының  жоспарына  сәйкес,  2016   жылдың  8 маусымында, сағат 10:00-ден 12:00 аралығында Сырдария  аудандық сотында  осы  соттың  төрағасының   қатысуымен  кезекті  «Ашық есік күні» іс-шарасы  өткізілетінін   хабарлаймыз.

«Ашық есік күні» іс-шарасына кез-келген тілек білдіруші азаматтар қатысып, өзінің сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері бар.

Іс-шараның өткізілу мақсаты азаматтардың құқықтық мәдениетін және сот  төрелігінің  деңгейін  арттыру  болып  табылады.

Көлік басқару құқығынсыз көлік басқарып, жаяу жүргіншіні қағып кеткен

27/05/2016

Қазалы аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 3-бөлігімен азаматша  Г-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азаматша Г., 27.03.2016 жылы сағат 15.00-дер шамасында көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра, өзінің басқаруындағы көлігімен Әйтеке би кенті Жанадилов көшесінің бойында жаяу жүргінші А-ны қағып кетіп, нәтижесінде соңғының денсаулығына жеңіл дәрежелі зяин келтіріп, ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 3-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған.

Медиация кабинеті ашылды

27/05/2016

Қармақшы ауданының кент әкімінің ғимаратында аудандық соттың төрағасының міндетін уақытша атқарушы К.Қаниева және судья Л.Алибекова, кеңсе меңгерушісі Е.Матжанов, кәсіби емес медиатор Ж.Жакеев, кент әкімі А.Мереков және аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Шерниязов пен жергілікті «Қармақшы таңы» газеті өкілдерінің қатысуымен медиация кабинетінің салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.

Айналасындағыларға сыйламаушылық білдірген

27/05/2016

Арал аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабының 2 бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған азамат Т-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы Т. 24.05.2016 жылы сағат 03.40-тар шамасында қоғамдық орында, яғни теміржол вокзалы перронында алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде балағат сөздер айтып, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзған, сөйтіп, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жылдың iшiнде, қайтадан ұсақ бұзақылық сипатындағы құқық бұзушылықты жасаған.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды

27/05/2016

Құқық бұзушы Ж. 08 мамыр 2016 жылы сағат 10:00 шамасында, Жаңақорған кенті, А.Мұхамеджанұлы көшесінің бойында, яғни қоғамдық орында екі қап күл-қоқыс салынған коммуналдық қалдықтарды тастап, ортақ пайдалану орындарын ластап, төңірегіндегілерге сыйламаушылықты білдіріп, ұсақ бұзақылық жасаған. Осы әрекеттерімен ол Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Сот отырысында құқық бұзушы Ж. кінәсін мойындап, өкініп кешірім сұрады.

Есірткі затын тасымалдаған

27/05/2016

Қазалы аудандық сотында ҚР ҚК-нің 296-бабының 3-бөлігімен қылмыстық теріс қылық нысанындағы сотталушы Г-ге қатысты қылмыстық құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Қоғамдық орында ұсақ бұзақылық жасаған зейнеткерге әкімшілік айыппұл салынды

27/05/2016

Қазалы аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен азамат М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат М., 18.03.2016 жылы сағат 17.40-тар шамасында №266 мектеп-лицейдегі №58  сайлау үйінде айқай-шу шығарып, төңірегіндегілерді сыйламаушылықты білдіретін іс-әрекетімен ұсақ бұзақылық жасаған.

Сотта азамат М-ның әрекеті өзінің мойындау жауабымен және істегі өзге де құжаттармен дәлелденді.