Архив событий

11/05/2016

«Ашық есік күні» өтеді

11/05/2016

Сот төрелігінің ашықтығын қамтамасыз ету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сот төрелігін атқару барысында азаматтардың заңды құқықтарының сақталуын қорғау мақсатында Шиелі  аудандық  соты  2016 жылдың 18 мамырында сағат 10.00-12.00-де   аудандық  сотының мәжіліс  залында «Ашық  есік  күні»  өткізілетінін хабарлайды.

Судьялар Ұлы Отан Соғысының ардагерінің үйіне мерекесімен құттықтай барды

11/05/2016

Қызылорда қалалық сотында мереке күні Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне баратын қалыптасқан үрдіс бар.

Осыған сәйкес, 9- мамыр жеңіс күні судьялар Ұлы Отан Соғысының ардагері Үсейн Ысқақовтың үйіне мерекесімен құттықтай барды.

Судьялар Үсейн ағамен елімізде болып жатқан экономикалық және саяси жаңалықтар туралы әңгімелесті.

Кездесуде Ұлы Отан Соғысының ардагері судьяларға бата беріп, атқарып отырған қызметтеріне сәттілік тіледі және сот ұжымына алғысын білдірді.

Ерлі-зайыптылар сот медиациясы тәртібімен татуласты

11/05/2016

Арал аудандық сотында талап қоюшы А-ның жауапкер Д-мен арасындағы некені бұзу туралы азаматтық ісі сот медиациясы тәртібімен реттелді.

Талап қоюшы талап арызында, жауапкермен дәм-тұзы жараспауынан отбасын сақтау мүмкін еместігін көрсетіп, некені бұзуды сұраған.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 179-бабының 1 және 4 бөліктеріне сәйкес, тараптар сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін дауды медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхат беруге құқылы.

Комиссия мүшелерінің кезекті отырысы өтті

11/05/2016

Қызылорда облыстық әкімдігінде Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның кезекті селекторлық мәжілісі өтті.

Іс-шараға комиссия мүшелері, ювеналды соттың кеңсе меңгерушісі М.Асанова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы А.Әлназарова, жергілікті полиция қызметінің басшысы Қ.Қобландин, облыстық білім басқармасының басшысы Б.Сайлыбаев қатысты.

Қоғамдық орынды ластап, айыппұл төледі

11/05/2016

Шиелі аудандық сотында бұзақылыққа қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Құқық бұзушы Р. өзінің шеккен темекісінің тұқылын белгіленбеген  жерге  тастап, қоғамдық  орынды  ластаған.

Сот,  құқық бұзушының  өз  кінәсін  мойындап, шын  жүректен  өкінуін ескеріп, сотпен  жеңілдететін  мән-жайлар ретінде танылуына байланысты, құқық бұзушыны  ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, 10  айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі 21210 теңге 30 пайызға қысқартылып,  14847 теңге  айыппұл  салынды.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында семинар сабағы өтті

11/05/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «ҚР Медиация туралы Заңының талаптарын кәмелетке толмағандардың істері бойынша қолдану ерекшеліктері» және «жаңадан қабылданған ҚР Азаматтық процестік кодексі бойынша шешім жолдау ерекшеліктері» тақырыптарында семинар сабағы өтті.

Іс-шараға ювеналды соттың төрағасы А.Әбу, судья Қ.Бержанов, кеңсе меңгерушісі М.Асанова, кеңсе қызметкерлері қатысты.

Ұлы Отан соғысының ардагерімен жүздесті

11/05/2016

Жаңақорған аудандық сотының ұжымының ұйымдастыруымен, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының өкілінің қатысуымен аудандық сот ұжымы Жаңақорған ауданы, Құттықожа ауылының тұрғыны Ұлы Отан соғысының ардагері, 94 жастағы Қошқаров Асылбек атаның үйіне барып, Ұлы Жеңістің 71 жылдық мерекесімен құттықтап, шапан жауып, сыйлық табыстап, ақсақалмен сұхбаттасып қайтты.