Архив событий

23/05/2016

Аудандық сотта брифинг өтті

23/05/2016

Шиелі аудандық сотында қылмыстық іс бойынша брифинг өтті. Брифингті  аудандық  сотының  төрағасы  М.Еркінбеков  жүргізді.

Брифингке жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Шара барысында төраға М.Еркінбеков Қазақстан Республикасының ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен  сотталған  Е-ның  қылмыстық  ісі  бойынша  мәлімет  берді.

2016 жылдың 17 ақпаны күні Шиелі АІІБ-нің жедел-іздестіру іс-шаралары  барысында Е. бір дана сіріңке қорабына салынған «кептірілген марихуана» есірткі затын  заңсыз  сатқан.

Ақпараттық технологиялар туралы брифинг өтті

23/05/2016

20 мамыр 2016 жылы Сырдария аудандық сотында  «Тіршілік тынысы»  газетінің тілшісі А.Ибрагимұлының  қатысуымен электронды үкімет порталы және «Сот кабинеті»  ақпараттық сервисі арқылы  сот отырысы хаттамаларымен танысу туралы, сот отырыстары үн-бейне жазбаларының көшірмелерін сұрау,  сот актілерін көшірмелерін сұрау, сот отырыстарының хаттамаларына ескертпе келтіру туралы арыздар мен аппеляциялық шағымдарды тапсырылуы тақырыптарында брифинг өткізілді.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында семинар сабағы өтті

23/05/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кеңсе қызметкерлерімен семинар сабағы өтті.

Шараға ювеналды соттың судьясы Қ.Бержанов, кеңсе меңгерушісі М.Асанова, кеңсе қызметкерлері қатысты.

Семинар сабағында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мәселелері бойынша әңгіме өрбіді.

Қалалық сотта семинар сабағы өткізілді

23/05/2016

Қызылорда қалалық сотында «ҚР Азаматтық процестік кодексті қолдану барысында туындаған сұрақтар» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Жаңа Азаматтық процесстік кодекс қолданысқа енгізілгелі бері бес ай мерзім өтті. Енгізілген жаңа баптар сот ісінің жеңілдеуін, халыққа үшін қолжетімді болуды, тараптардың арасындағы даудың келісіммен шешілуін қамтамасыз етті.

Алайда, жаңа кодекспен жұмыс жасау кезінде шешімін таппай отырған  мәселер туындап, олар бойынша толық түсіндірмелер берілмегендігіанықталуда.

Қоғамдық пікір туғызған істер бойынша БАҚ өкілдеріне брифинг өткізілді

23/05/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті.

Соттың мәжіліс залына жиналған бұқаралық ақпарат құралдарына кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қ.Бержанов сот өндірісінде қаралған қоғамдық пікір туғызған істер жайлы, соның ішінде дене жарақатын салумен байланысты қылмыстық істерінің көбейіп бара жатқанын баяндады.

Сот актісін орындамағаны үшін қамаққа алынды

23/05/2016

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабымен азамат К-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат К-дан Арал аудандық сотының 24.04.2014 жылғы үкімімен мемлекет пайдасына 740 800 теңге табиғатқа келтірілген залал өндірілген. Құқық бұзушыға сот орындаушысымен бірнеше мәрте сот актісін орындау жөнінде ескертулер берілгенімен, сот актісін орындамаған.

Әкелік құқығынан айру туралы талап медиация тәртібімен реттелді

23/05/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты талапкер Ш-ның жауапкер К-ны  көмелетке толмаған баласы  А-ға қатысты ата-аналық құқығынан айыруды сұраған азаматтық ісін қарады.

Істі қарау барысында тараптар арасындағы заңды неке бұзылғаны, заңды некеден пайда болған кәмелетке толмаған баласы А. өзімен бірге тұратыны және осы уақытқа дейін жалғыз тәрбиелеп келе жатқыны, жауапкер тарапынан ешқандай көмек болмағаны, алимент алмайтыны анықталды.

Әкімшілік айыппұл салынды

23/05/2016

Байқоңыр қалалық сотында құқық бұзушы Л-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘКБтК-нің 517-бабының 4-бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Әкелік құқығынан айырылды

23/05/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған аудангаралық соты талапкер C.-ның жауапкер Б-ны әкелік құқығынан айыруды сұраған арызы бойынша азаматтық ісін қарады.

Талапкердің талап арызын қарағанда, жауапкер Б.-мен 2014 жылдың 08 тамызында сот шешімімен ажырасқаны, қайта татуласпағаны, қазіргі таңда жауакер басқа неке құрғаны және жауапкердің баласынан  бас тартқаны анықталды.

Есірткі затын сақтағаны үшін сотты болды

23/05/2016

Шиелі аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296 бабының 2-бөлігімен қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттары бойынша, 16.03.2016 жылы сағат 13-00-де шамасында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері Шиелі кенті Шаймерденов көшесінің бойында күдікті  болып көрінген азамат О-ны тоқтатып, тексеру кезінде азамат О-ның үстіне киген күртешесінің сол жақ қалтасынан есірткі заты 0,35 грамм  кептірілген марихуананы өз еркімен алып берген. Яғни, О. есірткі затын өткізу мақсатынсыз заңсыз  иемденіп, сақтаған.

Жауапсыз әке әкелік құқығынан айырылды

23/05/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында талапкер Т.-ның  жауапкер А-ны әкелік құқығынан айыру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.