Архив событий

17/05/2016

Қызылорда қалалық сотында іс медиациялық келісімге келумен аяқталды

17/05/2016

Азаматша І. сотқа жауапкерден қарыз сомасын өндіру туралы арыз келтірді.

Тараптардың арасында нотариалдық тәртіпте бекітілген келісім болғандығы, ол бойынша талапкер жауапкерге банктен несие рәсімдеп ақша алып бергендігі, жауапкер мерзімінде төлеп тұруға міндеттенгендігі  анықталды. Алайда, несие төлеу мерзімінің аяқталуына аз уақыт қалғанда жауапкер банк алдындағы қарызын төлемей қояды. Сол себепті, талапкер сотқа жүгініп, қарызын өтеуді талап еткен. 

Медиация кабинеті ашылды

17/05/2016

16 мамыр 2016 жылы Қазалы ауданында аудан орталығында орналасқан «Бизнес орталығы» ғимаратында аудандық соттың төрағасы Қ.Темірбаевтың, кәсіби медиатор Б.П.Нурмановтың, аудан әкімі аппаратының басшысы А.Қаржаубаевтың, жергілікті «Серік ТВ» телеарнасының, «Қазалы» газеті өкілдерінің қатысуымен медиация кабинетінің салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.

Маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберілді

17/05/2016

Арал аудандық орталық ауруханасы азамат Ж-ны алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы арызбен сотқа жүгінген. Өткізілген сараптама қорытындысы, оның кәнігі маскүнем екендігін және оның алкоголизмнен еріксіз емдеуді қажет ететіні жайлы қорытындыға келген.

Судьялардың қатысуымен тренинг өткізілді

17/05/2016

16 мамыр 2016 жылы  Қызылорда  қалалық  мамандандырылған  әкімшілік  сот  судьяларының  арасында  Қазақстан  Республикасының  әкімшілік  құқық  бұзушылық туралы  кодексінің 45-тарауына сәйкес  әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды  күшіне  енбеген қаулыларды  аппеляциялық  тәртіппен  қайта  қарау бойынша  тренинг  өткізілді.

Жол-көлік оқиғасына қатысты жазаға тартылды

17/05/2016

Қазалы аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігімен, 611-бабының 2-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы азамат Д-ға қатысты біріктірілген әкімшілік іс қаралды.

Азамат Д., 12.03.2016 жылы Қазалы қаласы Түктібаев көшесінде орналасқан дүкеннің алдында басқаруындағы автокөлігімен азамат С-ның көлігіне соғып, өзі қатысушысы болып табылатын жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалып, ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігінде, 611-бабының 2-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықтарды жасаған.

Қызылорда облыстық соты судьясының қатысуымен тренинг өткізілді

17/05/2016

16 мамыр 2016 жылы Қызылорда облыстық сотының судьясы  М.Ахметовтың қатысуымен Қызылорда қалалық мамандандырылған  әкімшілік сот судьяларының арасында Қазақстан Республикасының  әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 58-бабының сәйкес  бірнеше  әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде әкімшілік жазалар қолдану  бойынша  тренинг  өткізілді.

Тренингте ҚР ӘҚБтК-нің 58-бабына сәйкес бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде әкімшілік  жазалар  қолдану  талқыланды.

Есірткі заттарын заңсыз сақтағаны үшін 80 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылды

17/05/2016

8 сәуір 2016 жылы жергілікті уақыт бойынша сағат 12:30 минут шамасында, «Өрмек» жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында Жосалы кенті Ізтілеуов көшесінің бойында азамат О., тоқтатылып тексеру барысында, өзіне тән ерекше иісі бар есірткі заттарына ұқсас айғақ зат алынды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, салмағы 0,65 грамм есірткі заты кептірілген марихуана болып танылған.

Ефрейтордың бұйрығын орындаудан бас тартқаны үшін, 3 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды

17/05/2016

Құқық бұзушы ҚР ІІМ-нің ҰҰ №5547 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметкері Е. 06.04.2016 жылы жергілікті уақыт сағат 08:30 минут шамасында, ефрейтордың қатардағы Е-ге «бөлімше газтұмылдырықты ки» деген бұйрығын орындаудан қасақана ашықтан-ашық бас тартқан үшін, №5547 әскери бөлімінің әкери полиция бөлімшесімен Е. қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 652-бабының 6-бөлігімен әкімшілік құқық бұзу туралы хаттама толтырылып, сотқа негізінен қарап, шешім қабылдау үшін жолдаған.