Архив событий

20/05/2016

Қарақшы қылмыскерлер жазаларын алды

20/05/2016

Ағымдағы жылдың 13 мамыр күні Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 192-бабының 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген (қарақшылық), 291-бабының 1-бөлігінде (атыс қаруын жымқыру), ҚР ҚК-тің 434-бабы (қылмыс туралы хабарламау) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған қылмыс бойынша 4 сотталушыға қатысты айыптау үкімі жарияланды.

Азаматтық істер медиация тәртібімен қысқартылды

20/05/2016

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы М.Сарсенов бір күнде 3 азаматтық істі медиация тәртібімен қысқартты.

Олар талап қоюшы «Тұрғын үй Қызылорда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жауапкер «Қызылордажылуэлектрорталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнынан тұрақсыздық айыппұл және мемлекеттік баж өндіру туралы азаматтық істері.

Сотта тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен келісілген шарттар бойынша реттеуге келісімге келген.

Cот қызметкерлері арасында семинар өткізілді

20/05/2016

20 мамыр 2016 жылы Қызылорда қалалық мамандандырылған  әкімшілік соты қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасы  мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі тақырыбында  семинар өткізілді.

Семинарда Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының  кеңсе меңгерушісі А.Аблаева Қазақстан Республикасы  Президентінің  2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары  тоқталды.

Байқоңырда медиация кабинеттері ашылды

20/05/2016

Байқоңыр қалалық соты 2016 жылдың 16 мамырында Төретам кенті мен Ақай ауылдық округі әкімшіліктерінің жанынан кәсіби емес медиаторлар кабинеттерін ашты.

«Қазақстан-2050» стратегиясында дауларды соттан тыс реттеу институттарын дамытуға көп көңіл бөлінген. Дауларды шешудің балама әдісі ретінде медиация Қазақстан үшін салыстырмалы алғанда жаңа институт боып табылатынын айта кету керек.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңы тақырыбында сот қызметкерлері арасында семинар өткізілді

20/05/2016

19 мамыр 2016 жылы Қызылорда қалалық мамандандырылған  әкімшілік соты қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңы тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарда Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының  бас маман- сот приставы  Қ.Досымов баяндама жасады.

Семинарға қатысушылар тақырып бойынша мәселелерді талқылап, өздерінің  ұсыныс - пікірлерін білдірді.

Қаруды заңсыз иеленіп, сақтағаны үшін әкімшілік айыппұл салынды

20/05/2016

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 482 бабының 1 бөлігімен құқық бұзушылық жасаған азамат Ж-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Ж., Арал ауданы Шөмішкөл елді мекенінде, ішкі істер органдарында тіркелмеген тегіс ұңғылы, 16 калибрлі аңшы мылтығын заңсыз иеленіп, сақтаған.

«Оңалту және банкроттық заңының қолданылуы» тақырыбында сотта брифинг өткізілді

20/05/2016

2016 жылдың 19 мамырында Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Оңалту және банкроттық заңының қолданылуы» тақырыбында жергілікті баспасөз өкілдерінің  қатысуымен брифинг өткізілді.

Кәмелетке толмаған балаға қатысты дау медиация тәртібімен реттелді

20/05/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты талапкер С-ның кәмелетке толмаған балдарының тұрғылықты мекен-жайын анықтау туралы талап арызы бойынша азаматтық ісін қарады.

Қылмыстық теріс қылығы үшін айыппұлға жазаланды

20/05/2016

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296 бабының 2-бөлігімен азамат У-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы У-ды 25.04.2016 жылы сағат 19.43-тер шамасында өзінің жүріс-тұрысы мен бет әлпетіндегі өзгерістерге байланысты полиция қызметкерлері тоқтатып, тексеру жүргізген кезде, оның шалбарының қалтасынан полиэтилен пакетіне салынған салмағы 1,1 грамм есірткілік зат-кептірілген марихуана табылған, яғни ол есірткі затын өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтап, тасымалдаған.

Қоғамдық орынды ластаған

20/05/2016

Қазалы аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кәмелетке толмаған Д-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Кәмелетке толмаған Д., 10.05.2016 жылы сағат 22.10 шамасында Әйтеке би кентіндегі орталық стадионның жанында қоғамдық орынды ластап, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде қаралған құқық бұзушылықты жасаған.

Қызылора облыстық сотының төрағасы облыс тұрғындарымен online режимінде интернет-конференция өткізеді

20/05/2016

2016 жылдың 26 мамырында сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Қызылорда облыстық сотының төрағасы Қайырбеков Нұрлан Мұратұлының бастамасымен сот жүйесінің ашықтығын, жариялылығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында облыс тұрғындары үшін online режимінде интернет-конференция өтеді.

Әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы болмауына байланысты іс сот өндірісінен тоқтатылды

20/05/2016

Құқық бұзушы А. бұрын қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе оларға масаң күйде келгені үшін әкімшілік жазаға бір жыл ішінде екі рет тартылған адам бола тұра, 26.04.2016 жылы, сағат 00:05 минут шамасында, Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Сейфуллин көшесі бойында алкогольдік ішімдігін ішкен мас күйінде жүргені үшін, Қызылорда ҚІІБ-нің полиция қызметкерлерімен ұсталып, оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Ортақ пайдалану орнын ластаған

20/05/2016

Құқық бұзушы П. Қызылорда қаласы, Тоқтыбаев көшесі бойында орналасқан Қорқыт ата саябағы ішінде шемішке шағып, қалдығын жерге тастап, ортақ пайдалану орынды ластап, төңірегіндегілерге сыйламаушылықты білдіретін іс-әрекетті жасаған.

Құқық бұзушы П. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 10 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі 21210 теңге айыппұл салынды.

Шемішке шағып, қалдығын жерге тастаған

20/05/2016

Құқық бұзушы кәмелетке толмаған Н. Қызылорда қаласы, Абуов көшесі бойында шемішке шағып, қалдығын жерге тастап, төңірегіндегілерге сыйламаушылықты білдіретін іс-әрекет жасаған.

Құқық бұзушы кәмелетке толмаған Н. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, ол ҚР ӘҚБтК-нің 68-бабының талабына сәйкес әкімшілік жауаптылықтан босатылып, ӘҚБтК-нің 69-бабының 1-бөлігінің 1-тармақшасына сәйкес, тәрбиелік ықпал ету шаралары ретінде заң талаптары түсіндірілді.