Архив событий

19/05/2016

Мектеп оқушыларына арналған «Ашық есік күні» өтті

19/05/2016

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесін тойлау қарсаңында Шиелі аудандық сотында Шиелі кентіндегі №45 мектеп-лицейі оқушыларына   арналған «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді.

Шара барысында аудандық соттың кеңсе меңгерушісі М.Жусупбекова  оқушылармен аудандық сот ғимаратында экскурсия жасап, сот отырысы залдарында,  мұражайда болып, оқушылармен әңгімелесу жүргізді.

Қалалық сотта семинар сабағы өтті

19/05/2016

Қызылорда қалалық сотында «Сырттай шешім шығару тәртібі» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Қақастан Республикасы Азаматтық процестік Кодексінің 256 бабында сырттай іс жүргізу негіздері қаралған. Отырыстың уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарландырылған, келмей қалуының дәлелді себептерін хабарламаған және істі өзінің қатысуынсыз қарауды сұрамаған жауапкер сот отырысына келмей қалған жағдайда, егер талап қоюшы бұған қарсы болмаса, іс сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралуы мүмкін.

«Медиация заңының қолданылуы» тақырыбында сотта брифинг өткізілді

19/05/2016

2016 жылдың 18 мамырында Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Медиация заңының қолданылуы» тақырыбында жергілікті баспасөз өкілдерінің  қатысуымен брифинг өткізілді.

«Сот кабинеті» сервисі арқылы әкімшілік істерді жолдау» тақырыбында тақырыбында дөңгелек үстел өтті

19/05/2016

16 мамыр 2015 жылы Қармақшы аудандық сотының төрағасы Қ.Абдуллаев құқық қорғау органдар мен жергілікті уәкілетті мекемелер арасында «Сот кабинеті» жүйесі бойынша әкімшілік істерді жолдау» тақырыбында дөңгелек үстел  өткізілді.

Азаматтық істер медиация тәртібімен қысқартылды

19/05/2016

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Ғ.Бекмамбетов бір күнде 2 азаматтық істі медиация тәртібімен қысқартты.

Олар талап қоюшы «Тұрғын үй Қызылорда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жауапкер «Қызылорда су жүйесі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнынан тұрақсыздық айыппұл және мемлекеттік баж өндіру туралы азаматтық істері.

Сотта тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген.

Әйеліне балағат сөздер айтып, сыйламаушылық білдірген

19/05/2016

Байқоңыр қалалық сотында құқық бұзушы Е-ге қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, 12 мамыр 2016 жылы құқық бұзушы Е. сағат 12.30-дар шамасында Төретам кентіндегі үйінде әйелін және жанұя мүшелерін балағаттап, сыйламаушылық танытып, мүліктерге залал келтіріп, отбасы тыныштығын бұзған.

Жаңақорған аудандық сотында қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

19/05/2016

Жаңақорған аудандық сотының судьясы А.Б.Бекботаев, өңірлік «Жаңақорған тынысы» аудандық газетінің тілшісі А.Жарықбаевтың қатысумен брифинг өткізілді.

Брифинг барысында Жаңақорған аудандық соттың судьясы А.Б.Бекботаев Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190 бабының 2 бөлігінің «3» тармағымен және ҚК-нің 28-бабының 4 бөлігімен және 367-бабының 1-бөлігінің айыпталып, сотталушы Т-тың қылмыстық ісі бойынша түсініктеме берді.

Арал аудандық сотында брифинг өткізілді

19/05/2016

18 мамыр 2016 жылы Арал аудандық сотының ғимаратында азаматтық іс бойынша брифинг өтті. 

Брифингті Арал аудандық сотының судьясы Д.Мұратбекұлы жүргізді.

Брифингке жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты және шара барысында судья Д.Мұратбекұлы аудандық сотта қаралған талап қоюшы М-ның жауапкер «P» ЖШС-не жұмысына қайта орналастырып, лажсыз бос жүрген күндеріне жалақысын өндіруді сұраған азаматтық ісі бойынша мәлімет берді.

Қармақшы аудандық сотында «Қоғамдағы әйелдердің теңдігі тақырыбында дөңгелек үстел өтті

19/05/2016

Қармақшы аудандық сотында «Қоғамдағы әйелдердің теңдігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға Қармақшы аудандық сотының төрағасы міндетін уақытша атқарушы К.Қаниева мен судья, прокуратура мен ішкі істер органдарынын өкілдері қатысты.

Өз сөзінде сот төрағасы міндетін атқарушы К.Қаниева саяси, экономикалық және әлеуметтік маңызды роль атқаратын әйел теңдігі стратегиясы жөнінде  атап өтті.

Сот қарыз ақшаны өндіру туралы арызды қанағаттандырды

19/05/2016

Талап қоюшы «Д» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (әрі қарай - ЖШС) сотқа талап арыз беріп, онда жауапкер «Е» ЖШС-нен 555 000 теңге қарызды өндіруді сұраған.

Атап айтқанда, 27.02.2014-30.09.2014 жылдар аралығында талап қоюшы «Д» ЖШС-і жауапкерге 13 750 дана кірпішке 30 274 100 теңге аударған, алайда жауапкер 29 719 100 теңге тұратын 10 050 дана кірпішті ғана жеткізген.

Яғни, жауапкер міндеттемесін өз дәрежесінде орындамай қалған 555 000 теңге тұратын 3 700 дана кірпіш жеткізілмеген.

Көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғандығы үшін әкімшілік қамаққа алынды

19/05/2016

Шиелі аудандық сотымен Өзбекстан Республикасы азаматтарына қатысты әкімшілік  құқықбұзушылық  туралы  істер  қаралды.

Өзбекстан Республикасы азаматтары Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы  заңнамасын  бұзып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген күнтізбелік бес күн өткеннен кейін үш тәулікке дейінгі мерзімнен астам уақыт  ішкі  істер  органдарында  тіркеуден  өтпей Қазақстан  Республикасында  болған.

Рұқсатсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан

19/05/2016

Арал аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 463 бабының 1 бөлігімен  азаматша А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, Арал ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерімен Арал ауданы, Аманөткел елді мекенінде орналасқан азық-түлік дүкеніне тексеру жүргізу барысында, арақ-шарап өнімдерінің мемлекеттік лицензиясы болмай сату мақсатында сақтауда тұрғандығы анықталған.

Акцизделетін тауарларды акциздік маркалармен және есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртібі мен қағидаларын сақтамаған

19/05/2016

Дара кәсіпкер М-ның Қызылорда қаласы, Әуелбеков көшесінде орналасқан дүкенінде акцизделетін тауарларды акциздік маркалармен және есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртібі мен қағидаларын сақтамау фактісі, яғни, белгіленбеген үлгідегі есептік – бақылау таңбаларымен таңбалаңған  6 дана алкоголь өнімдері анықталған.

Алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарды бұзған

19/05/2016

Құқық бұзушы Б.Ж. 26.04.2016 жылы, жергілікті уақыт сағат 22:40 минут шамасында Қызылорда қаласы, Астана даңғылында орналасқан дүкенінде алкогольді арақты азамат Р-ға сатып, Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзып, алкоголь өнімін өткізгені үшін оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабының 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Заңсыз құрылыс жұмыстарымен айналысқан

19/05/2016

Құқық бұзушы Өзбекстан Республикасының азаматы Б. 29.03.2016 жылы Қазақстан Республикасына жеке шаруасымен келіп, ішкі істер органдарына 29.04.2016 жылға дейін уақытша тіркеуге тұрып ҚР-да болу Қағидаларын бұзып, пайда табу мақсатында Қызылорда қаласы, Төреқұлов көшесінде үйде құрылыс жұмыстарымен айналысып жүрген.

Құқық бұзушы Б. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 тәулік әкімшілік қамаққа алынды.