Архив событий

30/05/2016

Қылмыстық сотта «Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

30/05/2016

2016 жылдың 27 мамыр күні Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту» тақырыбы  бойынша семинар өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы С.Сүлеймен  және сот қызметкерлері  қатысты.

Семинар жұмысын сот төрағасы С.Б.Сүлеймен ашып, мемлекеттік тілді дамыту әр азаматтың, сонымен бірге мемлекеттік қызметшінің міндеті және қастерлі борышы екенін айтып,  сөз кезегін баяндамашы жетекші маман А.Күнтуғановаға  берді.

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбындағы семинар сабағы

30/05/2016

Қармақшы аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы Қ.Абдуллаев, судья Л.Алибекова, кеңсе меңгерушісі Е.Матжанов пен кеңсе мамандары қатысты.

Адам өлтіру фактісі бойынша үкім жарияланды

30/05/2016

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 3,5 тармақтарымен (кінәлі адамға  дәрменсіз күйде екені көрінеу белгілі адамды аса қатыгездікпен өлтіру), 314-бабының 1-бөлігімен (өлген адамның мәйітін қорлау), 188-бабының 1-бөлігімен (бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) айыпталған 48 жастағы сотталушы Қ-ға қатысты қылмыстық ісін қарап, айыптау үкімін жариялады.

Алимент төлемеген

30/05/2016

Байқоңыр қалалық сотында азамат С-ға қатысты ҚР-ның ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында, азамат С. Байқоңыр қалалық сотының 08.04.2015 жылғы кәмелетке толмаған төрт баласын асырап-бағуына барлық тапқан табысының ½ бөлігін К-нің пайдасына өндіру туралы сот бұйрығын 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап орындамаған. Содан алимент бойынша қарызы 408 282 теңгені құраған.

Қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

30/05/2016

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы С.Сүлеймен, жұртшылық арасында қоғамдық пікір туғызған іс бойынша, БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.      

Сотталушы қажетті қорғану шегінен шығып, қайын ағасын өлтірген қылмыстық іс бойынша төрағалық етуші судья Сүлеймен Сағатбек Болатбекұлы БАҚ өкілдерің  қойған сұрақтарына жауап берді.

Сот үкімімен сотталушыға  2 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыппұл салынды

30/05/2016

Қармақшы аудандық сотында азамат А-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына қарағанда, құқық бұзушы А., үйінен шыққан коммуналдық қалдықтарды тастап, яғни  ортақ пайдалану орындарын ластаған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы А. кінәлі деп танылып, оған 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 21210 теңге мөлшерде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалған.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Семинар-тренинг өткізілді

30/05/2016

2016 жылдың 27 мамырында Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2015 жылғы 23 желтоқсанындағы № 6001-15-7-4/256 өкімімен бекітілген Сот жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы нұсқаулыққа байланысты  семинар-тренинг өткізілді.

Іс-шараға  сот қызметкерлері қатысты.

Іс шараны кеңсе меңгерушісі А.Әбілқасымқызы тақырыпты ашып, сөз кезегін баянадамашыға берді.  

Алкоголь өнімін сатқанда жауаптылықты естен шығарған

30/05/2016

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 200-бабының 1 бөлігімен азамат У-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы У. Арал ауданы, Сексеуіл кентінде орналасқан үйінен 22.10.1996 жылы туылған Е-ге бір шөлмек алкоголь өнімін сатқан, сөйтіп, Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзған.

Алимент төлемегені үшін қамаққа алынды

30/05/2016

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабымен азамат Е-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат Е. Арал аудандық сотының 25 сәуір 2014 жылғы сот бұйрығымен өндіріп алушы У-дың пайдасына алимент төлеуге міндеттенген. Құқық бұзушыға сот орындаушысымен бірнеше мәрте сот актісін орындау жөнінде ескертулер берілгенімен, сот актісін орындамаған. Нәтижесінде, борышкердің бүгінгі күнге алиментке қарызы 690 949 теңгені құраған.

Қызылорда қалалық сотының кеңсе қызметкерлері арасында үйрену сабағы өтті

30/05/2016

Қызылорда қалалық сотында кеңсе қызметкерлері мен сот мәжілісі хатшыларының қатысуымен «ҚР АПК талаптарына сәйкес сот отырысының хаттамасын жүргізу» тақырыбында үйрену сабағы өтті.

Азаматтық процестік Кодекстің 281 бабының талаптарында көрсетілгендей, бірінші саты сотының әрбір сот отырысы туралы, сондай-ақ отырыстан тыс жасалған әрбір жеке процестік әрекет туралы жазбаша нысанда хаттама жүргізіледі, не сот отырысының аудио-, бейнежазбасы жүргізілген кезде қысқаша хаттама жасалады.

Судьялар арасында семинар сабағы өтті

30/05/2016

2016 жылдың 27 мамырында Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында аймақтық оқу орталығының ұйымдастыруымен семинар сабағы өтті.

Шараға Қызылорда облыстық сотының, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары қатысты.

Семинарды Қызылорда облыстық сотының судьясы, оқу бағдарламаларының үйлестірушісі  Г.Таңатова ашып, күн тәртібіндегі негізгі мәселелермен таныстырды.