Архив событий

05/05/2016

Назарларыңызға! «Ашық есік күні» өткізілетінін хабарлаймыз

05/05/2016

Қызылорда облыстық сотының жоспарына сәйкес, 2016 жылдың 12 мамырында, сағат 10:00-ден 12:00 аралығында Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында осы соттың төрағасы мен судьяларының қатысуымен кезекті «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілетінін хабарлаймыз.

«Ашық есік күніне» кез-келген тілек білдіруші азаматтар қатысып өзінің сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері бар.

 Іс-шараның өткізілу мақсаты азаматтардың құқықтық мәдениетін және сот төрелігінің деңгейін арттыру болып табылады.

Медиация кабинеті ашылды

05/05/2016

Шиелі ауданының әкімдігінде аудандық соттың төрағасы  М.Еркінбековтың, судьялар А.Тубекбаева, А.Жолдыбаевтың, кәсіби емес медиатор А.Батырбаев, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімінің басшысы Т.Мусахановтың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен медиация кабинетінің салтанатты ашылу рәсімі  болып  өтті.

Судьялар арасында семинар өткізілді

05/05/2016

Жуырда Қазалы аудандық сотында «Судьялар тәртібінің қағидалары мен ережелерінің этикалық кодексі» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға аудандық соттың төрағасы Қ.Темірбаев, судьялар Д.Н.Абдыкалыков, Г.З.Тиштикбаева, Қ.Т.Мыханов қатысты.

Алимент өндіру туралы сот бұйрығы

05/05/2016

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 134-бабына сәйкес, сот бұйрығы сот актісі болып табылады, оны өндіріп алушының ақшаны өндіріп алу немесе борышкерді және өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және сот талқылауынсыз, даусыз талаптар бойынша борышкерден жылжымалы мүлікті талап ету туралы арызы бойынша судья шығарады. Сот бұйрығының атқарушылық құжат күші болады. Сот бұйрығы бойынша өндіріп алу сот шешімдерін орындау үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Жекеше айыптау ісі медиатордың қатысуымен тоқтатылды

05/05/2016

Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 108-бабымен азаматша Г-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс-құжаттарына сәйкес, жекеше айыптаушы Б., 27.03.2016 жылы сағат 16.00-дер шамасында азаматша Г-ден анасының қарыз ақшасын сұраған кезінде Г., ұрып-соғып, денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірген, яғни жекеше айыпталушы Г., Қазақстан Республикасы ҚК-нің 108-бабында қаралған қылмысты жасаған.

Қызылорда қалалық сотында «Ашық есік күні» өтеді

05/05/2016

2016 жылдың 13 мамырда сағат 10-00 мен 12-00 аралығында Қызылорда облыстық соты төрағасымен бекітілген кестеге сәйкес, Қызылорда қалалық сотында «Ашық есік күні» өтеді.

«Ашық есік күні» іс-шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізіледі. Сонымен бірге, шараның міндеті сот билігінің беделін, ашықтығы мен жариялығын арттыру, БАҚ өкілдері мен азаматтардың сауалдарына жауап беру болып табылады.

Кәмелетке толмаған балаларын оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны туралы әкімшілік іс тоқтатылды

05/05/2016

Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігімен азаматша М-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Қазалы АІІБ-нің жергілікті полиция қызметімен азаматша М-ға қатысты   кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттердi орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігімен әкімшілік  құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Сотта азаматша М-ның әрекетінде құқық бұзушылық құрамы анықталмады.

Байқоңыр қалалық сотының ұжымы Ұлы Отан соғысының ардагерін 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесімен құттықтады

05/05/2016

4 мамыр 2016 жылы Байқоңыр қалалық сотының ұжымы Ұлы Отан соғысының ардагері Ақай ауылының тұрғыны Жарманов Қалмырза ақсақалды Жеңістің 71 жылдығы мерекесімен құттықтады.

Жұбайының денсаулығына жеңіл дәрежелі зиян келтірген

05/05/2016

Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 108-бабымен қылмыстық іс қаралды.

Іс-құжаттарына сәйкес жекеше айыпталушы Н. өз үйінде әйелі С-ны  ұрып-соғып, күш қолдану әрекетін жасап, жәбірленушінің денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірген, яғни, жекеше айыпталушы Н., Қазақстан Республикасы ҚК-нің 108-бабында қаралған қылмысты жасаған.       

68 жастағы зейнеткер мас күйінде көлік тізгіндегені үшін көлік басқару құқығынан айырылды

05/05/2016

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлігімен 1948 жылы туылған азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат А., 11 сәуір 2016 жылы кешкі сағат 20:45-тер шамасында Арал қаласы, Байтұрсынов көшесі бойында «Volkswagen Golf» маркалы көлік құралын алкогольдік ішімдік ішкен масаю күйінде басқарған.

Мас күйінде көлік жүргізіп, материалдық шығын келтірді

05/05/2016

Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігімен азамат А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Азамат  А., 18.03.2016 жылы Әйтеке би кенті, Сырым батыр көшесінің бойында алкогольді масаң күйде өз автокөлігімен азамат Ә-ның автокөлігіне соғып, соңғыға материалдық шығын келтірген, яғни Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігінде қаралған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.