Архив событий

25/05/2016

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының сот жүйесіне қатысты қадамдары жүзеге асырылуда

25/05/2016

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 17-ші қадамында судьялыққа үміткерлер соттарда стипендия төленетін бір жылдық тағылымдамадан өтуі көзделген. Бұдан былай барлық тағылымдамадан өтетін үміткерлерге лауазымдары сақтала отырып, өзінің басты жұмыс орнынан босатылып сынақтан өтуге мүмкіндік беріледі. Сынақтан өтушіге бір жылдық өтілімі бар аудандық және оған теңестірілген соттар судьяларының лауазымдық жалақысының 70 пайыз мөлшерінде еңбекақы төленеді және  қолайлы жағдайлар жасалумен қатар кандидаттарды іріктеу тәртібі күшейтілді.

Жол көлік оқиғасын жасаған

25/05/2016

Құқық бұзушы  Б. өзінің басқаруындағы «Ваз 21144 110-42» маркалы автокөлігін Қызылорда қаласы, Е.Көшербаев-Ә.Бөкейхан көшелері қиылысында басты жолмен сол жақ беттен қозғалып келген «Паз 32053» маркалы автокөлігіне жол бермей соқтығысқан, нәтижесінде осы соқтығысу салдарынан «Паз 32053» маркалы автокөлігі «Opel Vectra» маркалы автокөлігіне соққан. Нәтижесінде автокөліктерге мүліктік залал келтірген.  

Лицензиясыз алкоголь өнімдерін сатқан дара кәсіпкерге айыппұл салынды

25/05/2016

Қазалы аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігімен азаматша Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

11.05.2016 жылы Қазалы ауданы, Абай ауылындағы «Нұртілек» дүкеніне тақырыптық тексеру жүргізу барысында дара кәсіпкер Б., алкоголь өнімдеріне арналған мемлекеттік лицензиясыз алкоголь өнімдерін сатып, сақтап тұрғандығы анықталған және барлығы 6 дана жалпы сомасы 1450 теңгенің өнімі айналымнан алынған, яғни, ол  ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігінде қаралған құқық бұзушылықты жасаған.

Сот актісін орындамаған

25/05/2016

Қызылорда қалалық сотының сот бұйрығымен борышкер М. өндіріп алушы Б-ның пайдасына 1/3 пайыз алимент өндіру туралы сот бұйрығы шыққанына қарамастан, құқық бұзушы М. аталған сот актісін орындамауына байланысты  ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотқа жолданған.

Құқық бұзушы М. ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабымен кінәлі деп танылып, 10 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі 21210 теңге айыппұл салынды.

Қаруды заңсыз сақтаған

25/05/2016

Байқоңыр қалалық  сотымен азамат К-ге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 482 бабының 1- бөлігімен  әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігі қызметкерлерімен азамат  К.-нің көлігінен, оның ішкі істер бөлімінің рұқсатынсыз және тіркеусіз сақтап, тасымалдап келген 16-шы калибрлі, тегіс ұңғылы,  оқ ататын аңшы мылтығы алынған болатын.

Сот қаулысымен, азамат К. ҚР ӘҚБтК-нің 482 бабының 1- бөлігімен  кінәлі деп танылып, қару тәркілене отырып, оған 42 420 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Әйелін балағаттағаны үшін, ескерту жасалды

25/05/2016

Құқық бұзушы Н. алкогольдік масаң күйінде Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті Ғ.Мұратбаев көшесіндегі үйіне келіп, әйелі Ж-ға қарсы балағат сөз айтып, былапыт сөйлеп, тыныштықты бұзып, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық білдіретін іс-әрекеттерді  жасаған.

Құқық бұзушы Н. ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде ескерту жасалды.

Мас күйінде көлік жүргізіп, қоғамдық жұмысқа тартылды

25/05/2016

Қазалы аудандық сотында қылмыстық теріс қылық нысанындағы сотталушы К-ға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотталушы К., 30.03.2016 жылы сағат 00.45-тар шамасында   көлік құралын басқару құқығынан айырылған адам бола тұра, Әйтеке би кенті А.Байтұрсынов көшесінің бойында автокөлігін алкогольдік масаң күйінде басқарып, ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған.

Қазақстан Республикасы жол жүрісі туралы қағидасының талаптарын сақтамаған

25/05/2016

Құқық бұзушы Т. өзінің басқаруындағы «Камаз 5511» маркалы  автокөлігімен Қызылорда қаласы, Жаппасбай батыр көшесі №6 үй жанында жолдың қос жалпақ сызығын басып, қарама-қарсы бағытына шығып ҚР жол жүрісі туралы Қағидасының 9-бөлімінің 2-тармағының талаптарын сақтамай, ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған.

Құқық бұзушы Т. ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, ол 1  жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Қармақшы аудандық соты семинар сабақ өткізді

25/05/2016

Қармақшы аудандық  соты  «Жаңа Азаматтық процестік кодекс бойынша талап арыздарды беру және қарау мерзімдері» тақырыбында семинар сабақ өткізді. Семинар сабағында сот төрағасы, судьялар және кеңсе мамандары қатысты.

Жол көлік оқиғасын жасап, оқиға болған жерден кетіп қалған

25/05/2016

Құқық бұзушы Т. өзінің басқаруындағы «LEXUS GS 300» маркалы автокөлігін Қызылорда қаласы, Төле би көшесімен басқарып келіп, Қызылорда қаласы, Төле би – М.Шоқай көшелері қиылысында  бағдаршамның қызыл түсіне кіріп, сол жағынан қозғалыс жасап келген «ВАЗ 21901-11-41» маркалы автокөлігіне  жол бермей соқтығысқан, соқтығысу  салдарынан жол жиегінде орналасқан темір қоршауларға, бағдаршамға және электр бағанасына соғып, жол - көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалып, ҚР ӘҚБтК-нің 611-бабының 2-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған.

Азаматтық істер медиация тәртібімен қысқартылды

25/05/2016

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы З.Жарылқасынова бір күнде 2 азаматтық істі медиация тәртібімен қысқартты.

Олар талап қоюшы «Тұрғын үй Қызылорда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жауапкер «Қызылордажылуэлектрорталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнынан тұрақсыздық айыппұл және мемлекеттік баж өндіру туралы азаматтық істері.

Сотта тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен келісілген шарттар бойынша реттеуге келісімге келген.

Көлік құралын алкогольдік масаю күйінде жүргізіп, әкімшілік қамаққа алынды

25/05/2016

Құқық бұзушы Е. алкогольдік масаю күйінде көлік құралын жүргізгені үшін 11.03.2016 жылы сот қаулысымен ҚР ӘҚБтК-ң 608-бабының 6-бөлігімен әкімшілік жазаға тартылып, әкімшілік жазаның мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде, яғни 22.04.2016 жылы сағат 03:17 минут шамасында, «Toyota Carinа» маркалы, автокөлігін Әлшекей көшесінің бойында  алкогольдік масаю күйінде басқарып, ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 7-бөлігінде қаралған құқық бұзушылық жасаған.