Архив событий

31/05/2016

Судьялар спорттық додада бақ сынаспақ

31/05/2016

2016 жылдың 2-3 маусым аралығында Атырау қаласында Қазақстан Республикасы судьяларының арасында дене шынықтыру мен спортты дамыту мақсатында спарткаиада өткізіледі.

Әділдіктің жаршысы болған судьялардан құралған командалар тартысты таласта мини-футбол, волейбол, үлкен теннис, бильярд, үстел теннисі, шахмат және дойбыдан бақ сынасады.

Аймақтық жарыстар еліміздегі судьялар арасындағы сыйластықпен қатар достықтың одан әрі жандана түсуіне үлесін тигізеді.  

Сот ұжымы балаларды мерекесімен құттықтады

31/05/2016

Балалық шақ – адам өміріндегі ең маңызды балдай тәтті кезең. «Балалық шағың, патшаның тағы» деген нақыл сөз бекерге айтылмағандай. Балалар әр кез ата-ана мейірімі мен ізгі ниетті жандардың қамқорлығынан нәр алып өссе, олардың келешегінің нұрлы, жарқын болары сөзсіз. Жайма шуақ жайдарлы жаздың алғашқы күні халықаралық дәрежеде балалардың мерекесінің тойлануы – оларға көрсетілер құрмет.

Жарымжан жандарға жағдай жасалған

31/05/2016

Қызылорда облысы соттарында сот процестеріне қатысушылардың сот ғимараттарына, оның ішінде жарымжан жандардың соттарға кедергісіз кіріп-шығуына барлық жағдай жасалған.  

Мүгедек жандар үшін Қызылорда облысы соттарының ғимараттары қажетті пандустармен жабдықталып, сот залына дейін кедергісіз кіріп, сот мәжілісіне қатысуы қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, сот мәжілісі залдарының есіктеріне ыңғайлы тұтқалар орнатылып, жарымжан жандар үшін әжетханалар арнайы ұстауға жайлы темірлермен қамтылған.

Алқабилермен қаралған қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

31/05/2016

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы  А.Сабыров жұртшылық арасында қоғамдық пікір туғызған, 1 сотталушының өтініші бойынша алқабилердің қатысуымен қаралған қылмыстық іс бойынша  БАҚ өкіліне брифинг өткізді.      

Жаңақорған аудандық сотының ұжымы халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында қайырымдылық шара өткізді

31/05/2016

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Н.О.Қосанов жағдайы төмен, туылғалы мүгедек балалалары бар жанұяға барып, аудандық сот ұжымы атынан мерекелерімен құттықтады.

Өз сөзінде соттың төрағасы Н.О.Қосанов сот ұжымы атынан Құрбанбектер отбасына береке, дендеріне саулық, балалардың болашақта өсіп, абыройлы азамат болуына, жарымжан баласының сырқатынан айығуына тілектес екенін және әрдайым қол ұшын беруге дайын екенін білдірді.

Әкімшілік заңнамаларды қолдану жөнінде семинар-кеңес өткізілді

31/05/2016

 

Арал аудандық сотының бастамасымен 30 мамыр 2016 жылы Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының Арал ауданындағы бөлімінде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы және істің басқа да материалдарын рәсімдеуде Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасын қолданудың кейбір мәселелері»  тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Адам өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

31/05/2016

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы С.Сүлеймен, жұртшылық арасында қоғамдық пікір туғызған іс бойынша, БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.      

Сотталушы мас күйінде бірге арақ ішкен бөтелкелесін өлтіріп, мәйітін қорлап, оның ұялы телефонын жымқырған қылмыстық іс бойынша төрағалық етуші судья Сүлеймен Сағатбек Болатбекұлы БАҚ өкілдерінің  қойған сұрақтарына жауап берді.

Сот судьялары арасында семинар өткізілді

31/05/2016

Қызылорда облыстық сотының 2016 жылдың 15 сәуірдегі хаттамалық шешімін орындау мақсатында, Қызылорда қалалық мамандандырылған  әкімшілік сот судьялары арасында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2012 жылғы 09 сәуірдегі «Іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдану және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы қолданудың кейбір басқа да мәселелері туралы» №1 Нормативтік қаулысы бойынша  семинар  өткізілді.

Семинарда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 09.04.2012 жылғы  Нормативтік  қаулысы  талқыланды.

Бір жылда қайталап құқық бұзушылық жасағаны үшін анасына айыппұл салынды

31/05/2016

Қазалы аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 3-бөлігімен азаматша Г-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азаматша Г-ның кәмелетке толмаған ұлы Ж., 18.05.2016 жылы сағат 23.11 шамасында Әйтеке би кенті, Қ.Пірімов көшесінің бойында түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп-жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде жүрген, яғни бір жыл ішінде құқық бұзушылықты қайталап, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 3-бөлігінде қаралған құқық бұзушылықты жасаған.

Қызылорда қалалық сотында «Ашық есік күні» өтеді

31/05/2016

Қызылорда қалалық сотында 2016 жылдың 17 маусымында сағат 10-00 мен 12-00 аралығында Қызылорда облыстық соты төрағасымен бекітілген кестеге сәйкес, «Ашық есік күні» өтеді.

«Ашық есік күніне» кез-келген азамат немесе заңды тұлғаның өкілі қатысып, сот жұмысына немесе басқа да мәселелер бойынша сауалдар қоя алады.

Қатысушылар қосымша ақпарат алу үшін 55-97-95, 55-97-84 номеріне хабарласуына болады.

Қармақшы аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

31/05/2016

Қармақшы аудандық сотында халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне сенімін және сот төрелігіне деген қолжетімділікті арттыру мақсатында кезекті «Ашық есік күні» өткізілді. Сот төрағасы Қ.Абдуллаевтың қабылдауына некені бұзу туралы сұрағымен азаматша И. жүгінді.

Азаматша И. оның әйелі қазіргі таңда Ресейде тұрып жатқандығын, ортақ балалары жоқ екендігін, некені бұзғысы келетіндігін, бірақ нақты тұратын мекен – жайын білмейтіндігін айтып, осындай жағдайда талап арыз беру тәртібін түсіндіріп беруді сұрады.

Берешек қарызды өндіруді сұраған талап арыз қанағаттандырылды

31/05/2016

Қазалы аудандық сотында талап қоюшы Е-ның жауапкер Р-дан берешек қарызын өндіруді сұраған азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы Е., сотқа арызбен жүгініп, онда жауапкер Р., құны 51000 теңге болатын құрылыс заттарын өзінен қарызға алғандығын, алған заттары бойынша қарыз ақшасын қайтару туралы міндеттеме қабылдап, қолхат бергенін, алайда берешегін қайтармай отырғандықтан берешек қарыз ақшасы мен төлеген  мемлекеттік баж алымын жауапкерден өндіріп беруді сұраған.

Дау бітімгершілік келісіммен шешілді

31/05/2016

Талапкер «К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жауапкер «И» Қызылорда облысы бойынша корпоративтік қорынан 29 000 000 теңге және 871 061 теңге мемлекеттік баж өндіру, сондай-ақ, 2015 жылғы қазан айындағы орындалған жұмыс актісіне мәжбүрлеп қол қойдырту туралы талап арызымен сотқа жүгінген.

Сот отырысында тараптар бітімгершілік келсімге келіп, оның шарты бойынша жауапкер бітімгершілік келсімге қол қою кезінде талапкерге 12 600 000 теңге көлемінде ақша сомасын төлейді және 2015 жылғы қазан айындағы орындалған жұмыс актісіне қол қойады.

Отбасы тыныштығын бұзған

31/05/2016

Қазалы аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен азамат Р-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат Р., 14 мамыр 2016 жылы сағат 11.00 шамасында апасы Р-ға былапыт сөйлеп, қорлап тиісіп, үй заттарын бүлдіріп, ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігінде қаралған құқық бұзушылықты жасаған.

Сотта азамат Р-ның құқық бұзушылық әрекеті өзінің, жәбірленушінің жауаптарымен және іс бойынша жинақталған өзге де құжаттармен өз дәлелін тапты.