Архив событий

13/05/2016

«Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді

13/05/2016

2016 жылдың 12 мамырында Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында заңды тұлға өкілінің қатысуымен  «Ашық есік күні»  іс-шарасы өткізілді.

«Ашық есік күніне» келуші азаматтарды Қызылорда облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төраға міндетін атқарушы  Р.Шамшиев қабылдады.

Іс-шараға «Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-нің бас маманы С.Умирзахов қатысып, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып  өтті.

Алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқару жауапкершілігі

13/05/2016

Қармақшы аудандық сотында ҚР ҚК 346-бабының 1 тармағымен  айыпталған Ж-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот талқылауында 2016 жылдың 30 сәуірде азамат Ж. көлік құралын жүргізу құқығынан үш жыл мерзімге айырылған тұлға бола тұра, алкогольдік масаң күйде «Тoyota Carina E» автокөлігін жүргізген.

Сот үкімімен Ж. кінәлі деп танылып, аталған бап бойынша 3 (үш) жыл мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырыла отырып, 30 айлық есептік көрсеткіш түрінде айыппұл салынды.

Қайталап құқық бұзушылық жасағаны үшін айыппұл салынды

13/05/2016

Қазалы аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 3-бөлігімен азамат Е-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат Е-ның кәмелет жасына толмаған ұлы Е., 28.04.2016 жылы сағат 23.05 шамасында Әйтеке би кенті, Михайлюк көшесінің бойында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде жүрген, яғни, жыл көлемінде қайталап құқық бұзушылық жасаған.

Сотта кәмелетке толмаған Е-ның құқық бұзушылық әрекеті заңды өкілі әкесі Е-нің мойындау түсінігімен және істегі өзге де құжаттармен толық дәлелденді.

Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiрген

13/05/2016

Шиелі аудандық сотында жекеше айыптау тәртібімен азамат И-ге қатысты қылмыстық  іс  қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы И. үйіне мас күйінде келіп, заңды некедегі жұбайы жәбірленуші Б-мен сөзге келіп қалып, оған қатысты былапыт сөздер айтып, қолымен оның бетінен ұрып, басынан бутылкамен  ұрып, нәтижесінде жәбірленуші Б-ның денсаулығына қасақана жеңіл дәрежелі зиян келтіріп, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 108-бабында көрсетілген қылмыстық теріс қылықты жасаған.

Сотпен 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды

13/05/2016

Арал аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 6 бөлігімен аз.У-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарынан белгілі болғандай, құқық бұзушы У. 2 мамыр 2016 жылы көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адам бола тұра, «Урал» мотокөлігін алкогольдік масаң күйінде басқарған.

Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындап, шын мәнінде ішімдік ішкен күйінде мотокөлік басқарғанын, көлік құралын басқару құқығы жоқ екенін айтып, жасаған әрекетіне өкінетінін білдірген.    

Қызылорда қалалық сотында «Ашық есік күні» өтті

13/05/2016

2016 жылдың 13 мамырда Қызылорда облыстық соты төрағасымен бекітілген кестеге сәйкес, Қызылорда қалалық сотында «Ашық есік күні» өтті. Шараға келген азаматтарды Қызылорда қалалық сотының судьясы К.А.Садуақасова қабылдады.

«Ашық есік күні» іс-шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізіледі.

75 жастағы зейнеткерге әкімшілік айыппұл салынды

13/05/2016

Қазалы аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен азамат Т-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат  Т., 14.03.2016 жылы ешқандай құжаты жоқ, аудандық ішкі істер бөліміне тіркелмеген аңшы мылтығын заңсыз сақтап, ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған.

Сотта азамат Т-ның әрекеті өзінің мойындау түсінігімен және істегі өзге де құжаттармен толық дәлелденді.

Қоғамдық орынды ластағаны үшін айыппұл салынды

13/05/2016

Шиелі аудандық  соты  азамат Ж-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  434 бабының 1 бөлігімен әкімшілік істі қарады.  

Іс материалдарына сәйкес,  азамат Ж. қоғамдық орында шемішке шағып, қабығын белгіленбеген орынға тастап, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, ортақ пайдалану орынын  ластаған.

Жасөспірімге алкоголь өнімдерін сатқан тұлға жауапқа тартылды

13/05/2016

Қармақшы аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 200 бабының 1 бөлімімен азамат М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот мәжілісінде аталған тұлға жиырма бір жасқа толмаған тұлғаға алкоголь өнімін сатқаны анықталған. Жауапкер алкоголь өнімін сатқан кезде сатып алушының құжатын сұрамағанын, сырт көзге жиырма бір жастан асқан болып көрінгенін көрсеткен.

Қоғамдық орында тиіскені үшін әкімшілік қамаққа алынып, Республика аумағынан шығарылды

13/05/2016

Қазалы аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 3-бөлігімен шетелдік азамат Д-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Шетелдік азамат Д., 08.05.2016 жылы Әйтеке би кенті, Бекарыстан би көшесінің бойында, яғни, қоғамдық орында заттарды өзгеше тәсілмен айырбастап, иемдену мақсатында мазалап өтініш білдіріп, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 3-бөлігінде қаралған құқық бұзушылықты жасаған.

Сотта шетелдік азамат Д-ның әрекеті өзінің мойындау түсінігімен және істегі өзге де құжаттармен толық дәлелденді.