Архив событий

03/05/2016

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс бойынша (С-О-4), (С-О-5), (C-R-4 санаттары) әңгімелесуге жіберілген үміткерлер тізімі

03/05/2016

2016 жылдың 3 мамырында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің Конкурстық комиссиясының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді іріктеу және әңгімелесуге жіберу жөніндегі отырысы өтті.

 

Конкурстық комиссияның шешімі бойынша  әңгімелесуге жіберілген азаматтар тізімі:

Сот қарыз ақшаны өндіру туралы арызды қанағаттандырды

03/05/2016

Талапкер «М» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  жауапкер «А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 1 970 000 теңге қарызды  өндіру туралы талап арызымен сотқа жүгінген.

Іс құжаттарынан анықталғандай, 2014 жылдың 1 шілдесінде тараптар арасында №08-07 келісім шарты жасалған. Талап қоюшы «М» ЖШС-і, келісім-шартқа сәйкес, тауарлар үшін 43 303 648 теңге аударған. Алайда, жауапкер «А» ЖШС-і міндеттемесін өз дәрежесінде орындамай «М» ЖШС-не 41 333 64 теңгенің тауар жеткізіп, қалған 1 970 000 теңгеге тауарды жеткізбеген.

«Татуластыру рәсімдері» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті

03/05/2016

29 сәуір 2016 жылы Сырдария аудандық сотында «Татуластыру рәсімдері»  тақырыбында  дөңгелек үстел  өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасының міндетін атқарушы Ж.Жолдасов, кеңсе меңгеруші Д.Байдушев, аудан прокурорының көмекшісі Н.Танбаев, қорғаушы Қ.Жаппасбаева қатысты.

Қызылорда қалалық сотында семинар талқылау өтті

03/05/2016

Қызылорда қалалық сотында сот төрағасы мен судьялардың қатысуымен «Судьяның әдеп Кодексі» тақырыбында семинар талқылау  өтті.

Семинар талқылауда сот төрағасы А.М.Бабатов қолданыстағы әдеп кодексінің негізгі баптарына тоқталып, жаңа кодекс жобасымен салыстыру жасады.

Азаматтық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

03/05/2016

Қармақшы аудандық сотымен азамат Д-ның «Дарын-Ж» ЖШС-нен  жалақыны өндіріп алу туралы азаматтық ісі медиация тәртібімен қаралды.

 Іс материалдарынан  «Дарын-Ж» ЖШС-і  талапкер алдында 475 725 теңге көлемінде жалақы бойынша қарызы бар екендігі анықталды. 

Істі қарау барысында жақтар дауды медиация тәртібімен шешу туралы келісімге келіп, ол бойынша жауапкер еңбекақы есебінен 1 ай мерзім ішінде талапкерге  талап етілген сома көлемінде қарыз төлеуге міндеттелді.

Есірткі затын заңсыз сақтағаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылған

03/05/2016

Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296 бабының 2-бөлігімен азамат Н-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, cотталушы Н., 2016 жылдың наурыз айының 16-күні сағат 13:00-дер шамасында Әйтеке би кентінде үстіне киген курткасының оң жақ сыртқы қалтасына газет қиындысына оралып, сіріңке қорабына салынған салмағы 1,03 грамм есірткі заты, кептірілген марихуананы өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтаған жерінен полиция қызметкерлеріне ұсталған.

«Оңалту және банкроттық туралы заңнама» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді

03/05/2016

2016 жылдың 29 сәуірінде  Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары арасында «Оңалту және банкроттық заңнамасы» тақырыбында семинар - тренинг ұйымдастырылды.

Семинар – тренигті сот төрағасы А.Дәуренбеков ашып, оңалту және банкроттық туралы заңнамаға қысқаша тоқтылып өтті.

Арал аудандық сотында брифинг өткізілді

03/05/2016

Арал аудандық сотында 29 сәуір 2016 жылы қылмыстық іс бойынша брифинг өтті. 

Брифингті Арал аудандық сотының судьясы Д.Мұратбекұлы жүргізді.

Брифингке жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты және шара барысында судья Д.Мұратбекұлы Қазақстан Республикасының ҚК-нің 194 бабының 2 бөлігінің 3 тармағымен сотталған Т-ның қылмыстық ісі бойынша мәлімет берді.

Қызылорда қалалық сотында «Істі жаңадан ашылған мән-жайлармен қайта қарау » тақырыбында семинар өтті

03/05/2016

Қызылорда қалалық сотында сот төрағасы мен судьялардың қатысуымен «Істі жаңадан ашылған мән-жайлармен қайта қарау» тақырыбында семинар өтті.

Семинарда судья Ж.Қ.Дербісалиева сот актілерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау жөнінде іс жүргізу АПК-нің 55 тарауымен реттелгендігін, онда қайта қараудың негіздері толық көрсетілгендігін айтты.

Көші-қон заңнамасын бұзған

03/05/2016

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517 бабының 5 бөлігімен құқық бұзушылық жасаған Өзбекстан Республикасының азаматы Б.Мирзаевқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, Өзбекстан Республикасының азаматы Б.Мирзаев 17.04.2016 жылы Қазақстан Республикасына жеке шаруасымен келіп, жұмысқа орналасуға арнайы рұқсат алмай, еңбек қызметін жүзеге асырған, яғни, ол, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған.

Қызылорда қалалық сотында жедел кеңес өтті

03/05/2016

Қызылорда қалалық сотының төрағасы А.М.Бабатов Қызылорда қалалық сотының судьялары және кеңсе қызметкерлерінің қатысуымен ҚР ЖС 28.10.2005 жылғы №5 санды Нормативтік Қаулысының талаптарын сақтау барысы  тақырыбында жедел кеңес өткізді.